Жұма, 22 Қараша 2024
4845 8 пікір 28 Мамыр, 2020 сағат 12:30

Праймериз форматы жаңашыл азаматтарды іріктейді

«Nur Otan» партиясы праймериз өткізу арқылы партия жұмыстарын қайта жандандырады. Праймериз – партияішілік таңдау. Әлемнің жетекші елдерінде бұл тәжірибе қолданысқа енген. Атап айтсақ, праймериз өткізу тәжірбиесі Еуропа, Азия мен Латын Америка елдерінде бар. Партия ішіндегі сайлау бәсекелестікті арттырып, жаңашыл азаматтардың іріктелуіне жағдай туғызады. Бұл ең алдымен партияның алыс аймақтардағы, өңірлердегі мүшелеріне мүмкіндік береді. Праймериз елдің дамуына мүдделі, жігерлі, патриот азаматтар үшін жаңа «әлеуметтік лифт». 

«Nur Otan» партиясы праймериз тәсіліне алғаш рет жүгініп отыр. Бұл өз кезегінде жетекші партияның саяси белсенділігін арттырып, қоғам талаптарына сай өзгеріп, нақты реформалар жасауға сеп болады. 

Жаңа әдіс қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадам болары анық. Праймериздің арқасында елдің саяси аренасында жаңа формация пайда болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясының праймериз өткізуді коронавирус індетінің таралуына байланысты кейінге шегерген болатын.  Партиялық іріктеу елдегі ахуалға орай «онлайн режимде» ұйымдастырылмақ. Оған партияның техникалық мүмкіндіктері жеткілікті.

Праймериз азаматтық қоғамның қалыптасуына, саяси ұйымдар мен халықтың жақындай түсіне ықпал етеді. Партиялардың қарқынды жұмысы елдің дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жүйелі өзгеріс енгізбек.

Ең бастысы, әділ, ашық талқылаулар арқылы қордаланған мәселелердің түйіні шешіліп, оң өзгерістерге жол ашылуы тиіс. Әсіресе, шалғай өңірлердегі проблемаларды шешуде жергілікті азаматтардың ой-пікірін, күш-жігерін бағдарға алу аса маңызды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320