Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3216 0 пікір 18 Маусым, 2011 сағат 05:15

Түптеп КЕЛГЕНДЕ БӘРІМІЗ қазақпыз

Мен қазақ жерінде туып, өсуге мүмкіндік берген, оның сұлу да сазды, сырлы да әуезді тілін игеруді маңдайыма жазған тағдырыма ризамын. Орыс мектебінде оқысам да қазақи ортада жүргендіктен көбінесе қазақ тілінде сөйледім. Мектепті бітірген соң бала кездегі арманыммен С.Аманжолов атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, тіл маманы болдым.

Ары қарай білімімді магистратурада жалғас-тырдым. Неге дейсіздер ме? Егер түп тамырына үңілсек, біз барлығымыз қазақпыз. Орыс - Ресейде, кәріс - Кореяда. Ресейге кетіп қалғандар-дың бізді Қазақстаннан болғандықтан «қазақ-сыңдар» деп айтады дегендерін талай естігем. Сондықтан менің туған тілім мен әдебиетімнің маманы болға-ным заңды дүние.

«Мемлекеттік тіл бізбен бірге жасай береді. Жастардың бірлігі мен ұйымшылдығы қазақ тілімен байланысты болғаны жөн. Мемлекеттік тіл тек тірліктің тілі ғана емес, жастықтың да тілі болуы керек. Себебі, түбінде бүкіл билікке жастар келеді. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», деді Елбасы. Иә, біздің болашағымыз - жастар. Сондықтан мемлекеттік тілдің жастарға серік болғаны дұрыс.

Елбасы барша қазақстандықтарды бірік-тірудің аса маңызды факторы ретінде мем-лекеттік тілді атап көрсетіп, «Қазақ тілі - үш тілдің біреуі болып қал­майды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деді. Осы сөз барлығымызды ойландыруы керек. Бұған біз атсалысуымыз керек. Қазақ тілін өркен­дету өз қолымызда. Әсіресе жас ұрпақтың қажыры мен қайратында.

Кезінде Бауыржан Момышұлы: «Мен үш нәрседен қорқамын: бірінші - баласына бесік жырын айтпаған анадан, екінші - немересіне ертегі айтпаған әжеден, үшінші - бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан» деген екен. Осы қорқыныш біздің қоғамымызға сіңісті болып бара жатыр. Мұның алдын алу керек.

Қазақ тілі мен үшін өз тілім десем де артық айтпағаным болар. Өйткені, әрбір атар таңымды мұсылман халқыма ұқсап «бісмілләдан» бастаймын. Құрбыларымның көбі қазақ, жұмысымда күні кешке дейін қазақша сөйлеймін.

Қорыта келе сөзімді үні домбыраның үніндей қазақ тілі «түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір» барша қазақстандықтардың ортақ тіліне айналсын деген тілекпен аяқтағым келеді.

Надежда Шушаникова, облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543