ҚР СІМ басшысы мен АҚШ елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Бүгін министрмен алғашқы кездесу өтті... Кездесудің ұзаққа созылуы (бір сағатқа жуық - ҚазТАГ) қазақстан-американдық қатынастардың өте маңызды екенін көрсетеді. Ықпалдастықтың 20 жылында біздің қарым-қатынастарымыз түрлі бағыттарда дамыды. Бүгін біз ядролық таратпаудан бастап Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздікке дейін көп тақырыптарды талқыладық», - деді елші сейсенбі күні кездесуден кейін.
СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «әңгімелесуші тараптар бірдей халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, энергетикалық және азық-түлік саласында өзара әрекеттесу жөнінде ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді». «Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күшті қолдаған үшін өз алғысын білдіре отырып, американдық тарап ҚР -ның осы елге халықаралық одақ күшіне көрсеткен логистикалық қолдауын, ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы мен Астананың осы бағыттағы басқа да қадамдарын жоғары бағалады», - делінген ақпаратта.
К. Фэйрфакс Қазақстандағы елші қызметіне 2011 жылдың қазан айында кіріскен.
АҚШ пен ҚР арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылдың 26 желтоқсанында орнатылды.