Сенбі, 23 Қараша 2024
2826 7 пікір 3 Маусым, 2020 сағат 13:28

Трамп жаппай тәртіпсіздікті басу үшін әскер қолданады

АҚШ президенті Дональд Трамп "бүкіл елге жайылған тәртіпсіздікті" доғару үшін құқық қорғау органдары мен әскери полицияның мыңдаған қызметкерін жұмылдыратынын мәлімдеді.

Трамп әрбір штат үкіметіне Ұлттық ұлан сарбаздарын көшеде тәртіп орнатуға шығаруға кеңес берген. Қала немесе штат шара қолданудан бас тартса, онда бұл мәселені тез арада шешу үшін Құрама Штаттар әскері көмекке келеді деп ескертті Трамп.

Бірнеше штатта тіркелген жаппай тәртіпсіздікті Трамп "ішкі терроризм" деп атаған.

Дональд Трамптың мәлімдемесі қарсаңында полиция Ақ үй маңына жиналған наразы топты көзден жас ағызатын газбен, резіңке оқтармен таратты.

Қорғаныс министрлігі АҚШ әскерін қала немесе штатқа кіргізу мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371