Сенбі, 23 Қараша 2024
2897 0 пікір 3 Маусым, 2020 сағат 13:50

Алматыда бүгіннен бастап бірқатар кәсіпкерлік субьектілер ашылады

Алматыда 3 маусымнан бастап бірқатар кәсіпкерлік субьектілер ашылады.

Қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес,

«2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда:

- 30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары;

- Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары);

- Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы);

- Балаларға арналған түзету орталықтары;

- Саябақтар мен скверлер ашылады», - делінген хабарламада.

Нысан басшылары санитарлық талаптарды толық орындау керек. Өткен аптада Алматыда ХҚКО, сауда ойын сауық орталықтары ашылған болатын. Алайда арнайы комиссия кейбір нысандардың жұмысынан санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады.

30 мамырдан бастап мешіттердің есігі ашылды. 1 маусымнан бастап сауна, спа-салондар, моншалар ашылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371