Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3917 3 пікір 3 Маусым, 2020 сағат 14:07

Көкшетау ауруханасында қайтыс болған үш адам полиция абақтысында улануы мүмкін

Көкшетау қаласы полициясының күдіктілерді ұстау мекемесінде алты адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олардың үшеуі қайтыс болды.

Жергілікті Kokshetau.asia сайтының 2 маусымда хабарлауынша, полицияның күдіктілерді ұстау мекемесінде отырған алты адам ауруханаға түскен.

Ақмола облысы полициясының хабарлауынша, 28 мамырға қараған түні Көкшетау қаласының алты тұрғыны ауруханаға түсті. Әкімшілік іспен ұсталған бұл алтауы бір камерада отырған. Бесеуі жол ережесін бұзғаны үшін қамалса, бір адам бұзақылық жасады деген айыппен ұсталған.

"Үш адам қаза тапты, үшеуі емделіп жатыр. Сот-медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырмыз", - деді облыстық полиция өкілі Азаттық радиосына.

Жансақтау бөлімінде жатқан екі адамның жағдайы ауыр екені хабарланған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1096
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 732