Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2900 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 05:36

Ұларбек Дәлейұлы. Көкшетауда ғалым рухы асқақтады

Қараша айының 4 жаңасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрағаты Бас директоры Марат Оралбайұлы Әбсеметовтың ұйымдастыруымен, Бурабай қалалық әкімдігінің қолдауымен айтулы фолклоршы, әдебиеттің теоретигі мен сыншысы, тарихшы филолог әрі ғалым-ұстаз - Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Кеш басталардан бұрын Шоқытас ауылындағы ғалымның ата-бабасының қабірі басына барып, аруағына бағыштап құран оқылды.

Кезінде ұлы Мұхтар Әуезов Есағаң туралы: «Мен сені қазақ әдебиеті ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас жегіндісі - Еңбек торысы деймін. Сол үшін сүйемін де бек бағалаймын» деп сүйінген ғалымды еске алу кешіне Есағаңның туған қызы Фәтима Ысмайылова және күйеу баласы Нұрболат Жуанышбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменов, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, Жазушы Тортай Сәдуақасов және басқада елге танымал өнер адамдары қатысты.

Кеш соңында бурабайлықтар ғалым аруағына арнап ас берді.

Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов - 1911 жылы қазан айының 15 күні көкше өңірінде, қазіргі Еңбекшілер ауданының Шоқытас ауылында, әйгілі Біржан сал туған топырақта дүниеге келген.

Әуелі әдебиет әлеміне ақын болып келген Есағаң «Тұлпар жыры» (1933ж), «Жігер» (1934ж), «Жаз еркесі» (1936ж) секілді жыр жинақтары жарыққа шықты. 1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қызылжардағы (Петропавл) балалар үйінде оқып, тәрбиеленген Есмағамбет 1930-1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (қазіргі Абай атындағы педогогикалық университет) тәлім алып, тіл-әдебиет факультетін ойдағыдай бітіріп шығады. Еңбек жолын ғылыми-зерттеу институтында, журналистика саласындағы қызметкерден бастайды. 1939 жылдан бастап өмірінің соңына дейін ғылыми-педагогтік қызметті ұштастырып, абыройлы еңбек етті. КСРО ғылым академиясы Қазақ филалындағы Жамбыл атындағы әдебиет және халық шығармашылығы секторының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі болды.

1943 жылы «ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғайды. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясы құрылып, оның тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарады. 1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монограпиясының негізінде)докторлық диссертация қорғайды.

Е.Ысмайылов Қалижан Бекхожинмен бірігіп 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың баьырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Алғы сөзі мен түсініктемесін жазған. Көлемі 30 баспа табақ (ҚКСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, №1328 бума). Қазақ ертегілерін жинау, жүйелеу, жариялау және зерттеу істеріне белсене араласқан. 1940 жылы «Әдебиет теориясының мәселелері» дейтін оқу құралын жариялады.

Сәке, Қасым, Тайр, Жұмағали поэзиясы жөніндегі зерттеулерінде және «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), «Әдебиет жайлы ойлар» (1968) атты еңбектерінде сыншылық, ғалымдық қабілеттерін көрсете білген.

Есмағамбет Ысмайылов Абайтану іліміне де атсалысқан. Мысалы, «Абайдың поэтикасы», «Абайдың өлең өрнектері» (бұл екеуін З.Шашкинмен бірлесіп жазған)ң «абайдың ақындық шеберлігі», «Абай өлеңдерінің сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» сияқты мақалаларында Абайдығ поэтикасына қатысты біраз жайдың бетін ашады.

Кеңес үкіметінің солақай саясатының тырнағына да іліккен Есағаң А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөздер айтылды. Кейін осы ұшқары шешімнің салдарынан ғалым ағамыз 25 жылға лагерге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты. 1961 жылы тіл және әдебиет институтынан М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бөлініп, өз алдына шаңырақ көтергенде Е.Ысмайылов оның қалыптасып, өркендеуіне елеулі үлес қосқан аға буын ғалымдардың алдыңғы сапында болды, әдебиет тарихы, фольклор бөлімдерін басқарды. 1958 жылы КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1961 жылы «Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 1934 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше мдальдармен марапатталды.

Қазақ әдебиеті ғылымында өшпес із қалдырған Есмағамбет Ысмайылов 1966 жылдың 29 қарашасында дүниеден озды.

Есағаңның ұлт әдебиет тарихын зерделеп, ғасырлар құндағында оралып үнсіз жатқан асыл мұраларымызды жинақтап, болашаққа қалдырған ұшан-теңіз еңбегі ұрпақтар жүрегіне әрқашан жарқырап, нұр шашып тұрары сөзсіз.

Ұларбек Дәлейұлы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489