Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3258 3 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 11:12

Аида Балаева: Қоғамды да, адамды да ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынына қатысып жатыр.

Отырысқа зиялы қауым өкілдері мен БАҚ саласының білікті өкілдері қатысуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева олармен жүздескеніне қуанышты екенін білдіріп, осы ортаға уақыт арнағандарына алғыс айтты.

– Осы күні қоғамды да, адамды да ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ал енді БАҚ-тың мемлекеттік жүйедегі рөлі туралы айтып тауысу – бір іс-шараның шеңберіндегі шаруа емес. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан да біздің бүгінгі дөңгелек үстеліміздің басты мақсаты – осы саладағы барлық мәселені талқыға салып, мүкіндігінше ең өзекті сұрақтарға шешім табу. Сөз жоқ, министр ретінде мен үшін өздеріңіз сияқты ақпарат пен идеология саласының майталман-мамандарының ой-пікірі өте маңызды. Себебі сіздердің осы бағыттағы терең білімдеріңіз бен бай тәжірибелеріңіздің отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосар үлесі мол деп білемін. Бүгінгі кездесудің тақырыбы да, міне, осы мәселеге арналады. Әрине, оның өзектілігі туралы сіздерге айтып жатудың өзі артық. Оның үстіне, бұл тақырып соңғы кездері әлеуметтік желілерде де, БАҚ өкілдері арасында да қызу талқыланып жүр. Бұл түсінікті де. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамның тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін үлкен феноменге айналып отыр, – деді министр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1083
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2634
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726