Көкшетау тұрғыны полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған
Көкшетау тұрғыны полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды сәрсенбі күні Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметінше, Көкшетау ІІБ кезекшілік пультіне 8 қараша күні шамамен таңғы сағат 10 кезінде, 42-жастағы жергілікті тұрғын әйел кісіден жанұялық жан-жал болғандығы туралы шағым келіп түскен. Оқиға орнына бөлімше инспекторы келіп жеткен.
«Пәтерге келген 20-жастағы бөлімше инспекторы жанұя басшысынан бірнеше сұрақ қоюға ниеттенген, бірақ ер кісі тәртіп сақшысына пышақпен шабуыл жасаған», - деп түсіндірген баспасөз қызметінде.
Қызметкер саспай, өзін-өзі қорғау әеркетін қолданып, шабуыл жасаған кісіні құлатып, оны залалсыздандырған.
«Арпалыс кезінде полиция қызметкері өткір пышақтың жүзінен оң қолы саусағын жаралап алған», - деп хабарлаған мекемеде.
Жанұяда жан-жал шығарған адам үш тәулікке қамауға алынып, 321 баптың 2 тармағы «Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап 5 пен 10 жыл аралығына бас бостандығынан айыру санкциясын қарастрады.
КӨКШЕТАУ, 9 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz