Сенбі, 23 Қараша 2024
2919 0 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 12:29

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының бас санитар-дәрігері Әбдіманап Төлебаев қаладағы карантин мерзімі мен шектеу шаралары 22 маусымға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. 

Бүгіннен бастап қолданысқа енетін қаулыға сәйкес, қаладағы коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың 3,7% өсуіне байланысты карантин мерзімі жалғасатын болады. Тұрғындардан қоғамдық орындар мен қалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарына барған кезде бетперделерді киіп, қолғаптарды киіп жүру талап етіледі. Барлық базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеліп, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілді. Ал, сауда-ойын орталықтары мен кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдары мен батут және фудкорттардың ашылуына әлі де тиым салынып отыр.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен кеңселердің жұмысшылары жартылай қашықтан жұмыс істеу режимін жалғастыратын болды. Сондай-ақ, шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.

Той жиындар мен түрлі отбасылық шаралардың өткізілуіне рұқсат етілмей, жұмысын қайта бастаған нысандарға үнемі мониторинг жүргізу тапсырылды.

Тәртіпке бағынбағандарға тиісті шаралар қолданылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394