Сенбі, 23 Қараша 2024
3416 0 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 11:40

Биыл қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ 1,7%-ға төмендеген

Бүгін Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу жұмыстары қаралды,- деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,7%-ға төмендеген.

Алайда ҚР экономикасының нақты секторларында өсім байқалады. Мәселен, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 5,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 4,9%-ға, оның ішінде машина жасау – 18,5%-ға, фармацевтика – 21,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 10,8%-ға, құрылыс материалдарын өндіру – 12,3%-ға өсті. Құрылыс көлемі 5,9%-ға өсті, сауда балансының оң сальдосы қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға өсті. Көктемгі егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды, олардың қорытындысы бойынша егіс алқабы 237,7 мың га артып, 22,5 млн га құрады.

Халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары да қолға алынған. Биыл жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша кешенді шаралармен ҚР 1,22 млн азаматы қамтылатын көрінеді.

Карантин режимін кезең-кезеңмен жеңілдету аясында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік серпінді түрде қалпына келтіріліп жатыр. Мәселен, мамыр айында сәуірмен салыстырғанда сауда (+28,3%), көлік секторында (+20,7%) және халыққа қызмет көрсету (+28,8%) саласында айтарлықтай өсім байқалды.

Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Сонымен қатар мамыр айында биылғы сәуір айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32%-ға артты. Оған қоса негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемінің өсімі 25,7%-ды құрады.

«Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономиканың дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау және осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша біз қабылдаған шұғыл шаралар ықпал етуі тиіс», — деді А. Мамин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434