Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2001 0 пікір 11 Қараша, 2011 сағат 05:18

Жовтис пен Кучуков бостандыққа шығады. Ал, Арон мен Ермек ше?

Таяуда Евгений Жовтис пен Тохнияз Кучуков бостандыққа шығып қалуы мүмкін. Осылай деп «Время» газеті жазып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық адам құқығын қорғау бюросының Қазақстандағы басшысы Евгений Жовтис 2009 жылдың тамыз айында өзі тізгінін ұстап отырған автокөлікпен адам қағып өлтірген болатын. «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуков те ел аузында «Қапшағай тарассасы» деп аталатын күрежолдың бойында теміркөлігімен бір жолаушыны соғып, мерт еткен-ді. Жовтис те, Кучуков те кінәларын дер кезінде мойындап, жасаған қылмыстарынан жалтармаған болатын.

Жовтисті Алматы облысы, Балқаш аудандық соты 4 жылға, Кучкуовты Қапшағай қалалық соты 4 жылға бас бостандықтарынан айырған-ды. Екеуі қазір Шығыс Қазақстан облысындағы абақтылардың бірінде жазаларын өтеп жатыр. «Время» газетінің арнайы сауалына  ІІМ  Шығыс Қазақстан облысындағы  қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Төлеухан Белгібаев жауап бере отырып Жовтис пен Кучуковтың бостандыққа шығып қалуы мүмкін екені жөнінде былай дейді:

-Әзірше ол екеуіне берілетін бостандық заңды күшіне ене қойған жоқ. Егер Президент қол қойса, Жовтис пен Кучуков жаңа жылды азаттықтың құшағында, отбасы мүшелерімен бірге қарсы алады.

Жә, жөн делік. Біреуге жамандық емес, амандық, басына азаттық тілейік. Жасырып қайтеміз, аталған екеудің де қазаққа  қаны қатып қалған жандар еді, бәлкім темір тордың аржағындағы тәртіп түзеген шығар, ойландырған шығар. Әйткенменде, «айтпаса сөздің атасы өледі», Жовтис дейтін жойыттың ұлы Қазақстандағы орыстілді жорналшы болсын, қозғалыс, ұйым атаулының белсенді өкілі болсын қандай да бір заң бұзып, жаза басса, басынан құс ұшырмай құқығын қорғап, мұхиттың арғы бетіндегі әріптестерінің құлағын шулатып қоятын. Сондай әделтшіл Жовтис Шаңырақ пен Бақайдың қазақтары қиындыққа ұшырап, ашық аспанның астында қалып, баспаналарынан айрылып жатқанда тырс етіп үн қатқан емес. Тәйір-ау, Шаңырақ пен Бақай деген  Алматының тап іргесіндегі қазақ ауыл ғой. Сол қазақ ауылдың тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен ақын Арон Атабектің де халі  оны толғандырмады.  Арон шын-өтірігі белгісіз, полиция қызметкерін байлап қойып өртеп өлтірген күдіктілерді ұйымдастырды деген айыпқа жығылып  сотталып кетті. Арашашы Жовтис болмай-ақ қойсын, алайда Арон сияқты азаматтар да амнистияға ілігіп азаттыққа шығып жатса, айып па? Елбасы туралы ғайбат сөйледі дейтін жаламен жазықсыз сотталған ұлтшыл азамат Ермек Нарымбаевқа да билік кешірім етсе, тағынан тая ма? Таймайды. Бірақ біздің қоғамда Жовтис пен Кучуковтың сөзін сөйлейтіндер ықпалды болып тұр. «Ұлықсыған ортыстың» (Абай) заң-зәкөні де солардың жағында. Алдағы мәжіліс депутаттарының сайлауы үшін де, демократияшыл Батыстың алдында ақталу үшін де Жовтис пен Кучуковтың азаттығы Астанадағы ақжағалылар үшін қымбат  сияқты. Ал, қазақ сорлы шіри берсін...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511