Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3110 1 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 11:29

АҚШ-та полиция ұстағаннан кейін қаза тапқан Джордж Флойдты жерлеу рәсімі өтті

9 маусымда Хьюстонда полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған Джордж Флойдты жерлеу рәсімі өтті. Оның өлімі АҚШ-та және өзге елдерде наразылыққа ұласты.

Қоштасу рәсіміне тек туысқандары мен жақындары ғана қатысты.

Хьюстон полициясы аза кортежін Пирленд қаласына дейін жеткізді. Ол жерде Флойдтың сүйегін анасының жанына жерледі. BBC, CNN, Euronews, SkyNews және өзге де БАҚ шараны тікелей эфирден көрсетті.

8 маусымда Миннеаполисте Флойдтың өліміне айыпталған полиция қызметкері Дерек Човиннің соты басталды. Ол абақтыдан сотқа видеобайланыс арқылы қатысты. Келесі сот отырысы 29 маусымда өтеді.

Миннеаполисте қалалық кеңестің 12 мүшесінің 9-ы қалалық полиция реформаға мұқтаж екенін қолдаған.

Джордж Флойд 25 мамырда көз жұмған. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен төрт полиция қамауға алынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778