Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3762 0 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 11:31

Иранда Сулейманидің өліміне айыпталғандар өлім жазасына кесілді

Иран билігі генерал Касем Сулейманиді өлтіруге қатысы бар деп айыпталғандар өлім жазасына кесілді. Тергеу мәліметі бойынша, сотталғандар америка және израиль арнайы қызметіне генерал жайлы мәлімет беріп тұрған.

Жыл басында Ирандағы Ислам революциясының сақшылар корпусының жоғарғы командирлерінің бірі, "Кудс" таңдаулы әскери бөлімінің жетекшісі Касем Сулеймани Бағдад әуежайының жанында әуе соққысынан қаза болған. Онда командир түскен көлікке дронмен соққы бергені айтылған.

Тегеран Вашингтоннан өш алатынын айтып, АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына баллистикалық зымыранмен соққы берген.

Жанжал кезінде 8 қаңтарда Тегераннан Киевке ұшқан жолаушы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін жарылған болатын. Ұшақтағы 176 адам мерт болған. Иран оқиғадан төрт күн өткен соң, ұшақты қателесіп атқылағанын мойындаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 761