Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 4447 8 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 14:02

Бағлан Майлыбаев бостандыққа шықты

Мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталып, 5 жылға сотталған ПӘ басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев бостандыққа шығыпты. Сот әуелде үкім етіп, белгілеп берген мерзімінен бұрын. Бұл туралы «Азаттық» сайты жазды.

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты 14 мамырда қаулы шығарған. Сот қаулысы 30 мамырда заңды күшіне енген.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің «Азаттыққа» айтқан ақпарынша, Бағлан Майлыбаев 30 мамырда Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторынан босап шыққан. Негізгі жаза мерзімінің аяқталуына 1 жыл, 4 ай, 21 күн қалған екен.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың 12 қаңтарында Президент Әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қызметінен босатылған. Арада бірнеше күннен кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевтың «Қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» және «Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ал 2017 жылдың маусымында Астананың Есіл аудандық соты Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинді ҚР Қылмыстық Кодексінің 361 бабы, 1-бөлігі және 185 бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапқан.

Сот Майлыбаевқа мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Сондай-ақ, Сот үкімінде Майлыбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды деп жазылған.

Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны туралы ақпаратта жария болған. Дәлірек айтсақ, оның Ресеймен байланысы болған делінген.

Былтыр Сот Бағлан Майлыбаевты уақытынан бұрын босату, өзіне кесілген «абықтыда қамау» жазасын «шартты жазаға» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Биыл мамыр айында Майлыбаевтың бостандыққа шыққан туралы ақпарат БАҚ-та жарияланбады.

Майлыбаев президент әкімшілігінде идеология және ішкі саясатқа жауапты болды. Оның соты жабық өткен.

Бағлан Майлыбаев қызметінен босатылғанда – орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдары түрлі болжамдар жасаған. Ал Abai.kz ақпараттық порталы Майлыбаевтың ұсталуына қатысты бірқатар саясаткерлерді сөзге тартқан. Алайда, көбісі Майлыбаевтың тұтқындалуына қатысты пікір айтудан бас тартқан.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458