ІІМ: жарылыс пен атыс кезінде бес адам қаза тапты
"Тенгриньюс" сайты Тараздағы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің ақпаратын жария етті. "12 қараша күні белгісіз біреулер қаладағы аңшылық дүкендерінің бірін тонап, күзетішіні өлтіріп, тағы бір адамды жаралап, екі "Сайга" мылтығын алып кеткен. Қылмыс орнынан жеңіл машинамен қашып кеткендерді ұстамақ болған кезде 2 полицей өте ауыр жарақат алған. Қаладағы ірі дүкендердің бірінде қылмыскерді ұстау кезінде ол өзін-өзі жарып жіберіп, соның салдарынан бір жол полицейі қаза болды", делінген ІІМ ресми ақпаратында.
"ҚазТАГ" агенттігі құқық қорғау орнындағы дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Таразда төрт бірдей жарылыс орын алғанын хабарлайды. Әрі қаладағы барлық қүштік құрылымдар іске қосылып, қала орталығы қоршауға алынған.
Жергілікті ішкі істер басқармасы жақын арада барлық жарылыстарға қатысты барлық ақпараттарды жария етуге уәде етіп отырған көрінеді.

Бүгін таңертең Тараз қаласында Абай мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында, облыс әкімшілігіне жақын жерде жарылыс болған. Бұл туралы бірқатар ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр. Түрлі деректерге қарағанда, атыс кезінде кемінде үш адам оққа ұшқан. «Қазақ жаңалықтары» ақпарат агенттігіне оқиғаны көзімен көрген адам хабарласқан. Ол адам: «таңертең 9.30 жарымда әкімшілік маңындағы аң аулау құралдарын сататын дүкенді тонап, күзетшіні өлтіріп кеткен. Ал, сәлден кейін әкімшілік ғимаратының маңында жарылыс болып, атыс орын алған» дейді.
Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы жарылыстың болғанын растаған отыр деп хабарлайды, азаттық радиосы.
Агенттіктер ақпаратына қарағанда, Тараздың төбесінде сиренасы қосылған тікұшақтар қарасы көбейген және жарылыс болған аумақ қоршауға алынған.
Ал, ҰҚК, ІІМ және басқа ресми орындардың сайтында оқиға орын алғанына шамамен төрт-бес сағат уақыт өтсе де ешқандай хабар жазылмаған. Ресми түрде де құзырлы орындар мәлімет таратқан жоқ.
Бұған дейін еліміздің Ақтөбе облысында Кеңқияқ оқиғасы, Атырауда бірнеше жарылыс болған еді. Атыраудағы жарылысты «Халифат сарбаздары» ұйымы өз мойнына алып, Қазақстан билігі дін туралы заңды қайта қарамаса, елдің түрлі аймақтарында жарылыстар ұйымдастыратынын мәлімдеген болатын. «Халифат сарбаздары» ұйымының жетекшілері Ауғаныстан мен Пәкістан елдері шекаралары маңында бой тасалап, соғыс жүрген Қазақстан азаматтары екені белгілі болған.
Тараздағы жарылыс туралы қосымша хабарлап отыратын боламыз.
«Абай-ақпарат»