«Ақ жол» демократиялық партиясының мәлімдемесі
Азат Перуашев: «Қазақстанның Тәуелсіздік күні мейрамы алдында жазықсыз адамдарды өлтіру және олардың өміріне қастандық жасау - бүкіл Қазақстан қоғамына және мемлекеттің зайырлы мәніне қауіп-қатер және сын».
«Ақ жол» партиясы демократиялық күштердің Жалпыұлттық «Қазақстан-2020» коалициясының кезектен тыс жиналысын шақыруды талап етеді.
«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі, Астана 13 қараша
«Ақ жол» демократиялық партиясының мәлімдемесі
«Ақ жол» партиясы Таразда діни экстремистердің қатысуымен болған қайғылы оқиғаларға байланысты алаңдаушылығын білдіреді.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні мейрамы алдында күнәсыз адамдарды өлтіру және олардың өміріне қастандық жасау - бүкіл Қазақстан қоғамына және мемлекеттің зайырлы мәніне қауіп-қатер және сын.
Осындай адам жиіркенетін тағылық әрекеттің негізгі мақсаты халықты қорқыту, мемлекеттік органдарға қоқан-лоққы жасау болып табылады.

Сондықтан біз қоғам мен мемлекетті Қазақстан халқына тән емес экстремизм мен төзімсіздікке қарсы тұрып, конституциялық құрылысты, азаматтық бірлікті және толеранттықты қорғау үшін топтасуға шақырамыз. Қазақстанның «Ақ жол» партиясы қажетті іс-шаралар қабылдау үшін, біздің еліміздің 600-ден аса қозғалыстар мен ұйымдардың басын қосып отырған кең көлемді қоғамдық алаң ретінде, демократиялық күштердің Жалпыұлттық «Қазақстан-2020» коалициясының кезектен тыс жиналысын шақыруды талап етеді.
Жалпыұлттық коалиция мемлекетке әрбір қазақстандық отбасын қорғайтын және еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында тыныштық орнататын іс-шаралар кешенін дайындауы қажет.
Біз коалицияға кірмеген басқа да саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге бұрынғы алалық пен келіспеушілікті қалдыра отырып, әрбір қазақстандық үшін ең маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға шақырамыз.
«Ақ жол» партиясы Тараз қаласында экстермисттердің қолынан қаза болған, жапа щеккен азаматтардың отбасылары мен жақындарына, туыстарына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады. Біз саяси партия ретінде, ортақ шаңырағымыздағы әрбір қазақстандық үшін, әрбір қазақстандық азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы