Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2399 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 08:52

Бағашар Тұрсынбайұлы. «Қалың елім, қазағым...»

« Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтсемнен басқа ойдың жоқтығынан...»

Абай,үшінші сөз

Абайды оқыған соң , дұрыс сөз сөйлемесең - саған сын. Абайды сынаймын деп әуре болма, оданша дұрыс, тура сөзге ұмтыл, Абайға жүгін. Әрине, ақынның өзі айтқан « әуелі аят, хадис сөздің басы екені », жүгінетініміздің де әуелгісі осы екеуі екені даусыз.

Біз Абай ғұмыр кешкен « алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан, әурешілікті көре - көре келген » қоғамнан, дәуірден қаншалықты алыстадық? Дәуірден алыстағанымыз хақ. Бірақ қоғамнан, « біріне - бірі қаскүнем болатұғын, таласқыш болатұғын, жалқау болатұғын » әрекеттерден алыстай алдық па? Жоқ, сол баяғы «жалқаудан қайратсыз, одан қорқақ, мақтаншақ, ақылсыз, арсыз, жалқаудан да сұрамсақ, тойымсыз, ешкімге достығы жоқ » халдеміз бе? Біреулер бұлай жылана берудің қажеті шамалы дер, бәлки. Жүгініп отырған кісіміз: « көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады » демеді ме?! Көкірегімізді Қаратаудан ауыр қайғы басып тұрмаса да, шерменде күй кешіп, шын жанашыр болып, көзімізден жас ағызып алмасақ та, шыдай алмай тілдің тиегін ағытатын халге түстік.

Жаратқан сыйға тартқан, бабаларымыздың қаны мен аналарымыздың жасы әр түйір топырағына сіңген кең де келісті өлкеміздің ару шаһары - Алматы. Солай деп айтамыз, жазамыз. « Аруымыздың » тынысы қалай екен? « Атакент » деген үлкен көрме орталығының жанынан әдеттегідей өтіп бара жатсам, аялдаманың жанынан үш жігіт тоқтады. Үйлеріне жететін ақша талап етеді. Қашайын деп тұрсың ба деп қоқан - лоқы көрсетпек. Аты өшкір судан біраз сілтеген екен. Ауылдың балалары. Оларға үйдегі кісілері үміт артып, қалаға жіберсе, бұларың ел тонаумен айналыспақ. Ұят -ай, а? Адалдықты айтамыз, ата - ана алдындағы міндетті айтпағанда,  Алла алдындағы күнәні де естен шығарған екенбіз. Мұсылмандығымыз қайда сондағы?

« Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса дейді » екен. Тапсын. Абайдың өзі: « еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » деген. Бірақ Абай « біреуді алда » деген жоқ қой. Тимирязев көшесінің маңындағы « Томат » деген сауда орталығында бірнеше сағат сатушы болып көрдім. Қоймасына кірсем, мерзімі өтіп кеткен балалар сусынының уақытын өшіріп, қайта сатуға жіберіп жатыр. Өздері күліп, соны айтып тұр. Бұл - халықты алдау ғой. Тағы ды адалдық қайда дейміз бе? Сақтау мерзімі өтіп кеткен тағамды пайдаланған соң қандай жағдаяттардың болатыны айтпасақ та түсінікті емес пе?!

«... Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғысса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық...» деген хакім Абайды өмірдің бұралаң жолдарымен жүріп келе жатқан сұңғыла үлкендеріміз түсінер. « Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ » басқалары қайдан ұқсын. Ұқпақ түгіл Абай айтып отырған жанның байлығын, рухани азығын шайтани қылықтарға айырбастап кетті. « Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жек көрем бе, жақсы көрем бе ? » деген сұраққа мен де жауап іздеп бақсам. « Алтын Орда » базарында саудамен айналысып жүрген бір отбасының керегесі сөгілді. Ажырасқаннан кейін қайта қосылған әйелін емшектегі қызылшақа сәбиімен күйеуі тастап кеткен. Баспаналары да бір бөлмелі жалдамалы пәтер болған екен. Үйде балаға, түзде саудаға қарарын білмей қалған қара көзіміздің көз-жасы көл. Оның үстіне аязда жүріп, омырауына суық тигізіп алса керек. Емдеуге да қаржы керек. Бұл да бір қайғы. Әлгінің сондағы тапқаны қырыққа келген қырғыз қатын. Ана мен сәбидің обалы кімге? Қазақтығымыз қайда сондағы? « Осы ақылды кім үйретеді, насихатты кім тыңдайды. » «Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр... » деп, Абай жиырма екінші қара сөзінде толғанады. Мен бүгінгілердің зиялыларын мырза десем жарасар ма екен? Бай болмас да, көңілдері мырза болса ше?

Радиоға бара қалсам, кіре берісте қарт ана отыр екен. Қолында дорба, Әлдекімді күтіп отырған сыңайлы. Жұпыны ғана киінген кейуана есік жаққа жалтақ - жалтақ қарап қояды. Бір уақытта ар жақтан дүрілдеп ақынымыз шықты. Анамыздың жұмысы - қызы ұзатылып жатыр, құдаларына арнап бір - екі шумақ өлең керек екен. Ағамыз: « қанша? » деді. Анамыз: « Білмеймін.  Қанша? » деді. Өзі тағы соған бола жердің түбінен кеп тұр. Құдалардан ұят болмасын дегендегісі ғой. Бұ да салтымыздан. Ақыры ақынымыз анаған - мынаған бір сілтеп, ізім - ғайып жоқ болды. Қарт кісі біраз отырды. Бір кезде сол жердегі студент бала: « Апа, мен шығарып берейін » деп жатты. « ...соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқасын таба алмадым. »

« Көптің ебін тауып, жөнге салатын » күн жетті. Бәріміз кемшіліктеміз. Бірімізді - біріміз түземесек, « ешкім кеп шамымызды жандырмайды. » Құлшылық  қыл, кңбек ет деп денсаулық берген Алладан ұят. Тәрбие берген әке - шешеден ұят. Ұятты іздесек иманда екен. « Пайғамбарымыз сала Аллаһу әлейһи уә сәләмнің хадис - шарифінде айтыпты кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ деп. Біздің қазақтың өзінде мақал да бар: « ұят кімде болса, иман сонда » деген. Ендеше, құдайдан тілейтініміз иман болғай.

Бағашар Тұрсынбайұлы

ҚазҰУ - дың студенті

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550