Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2389 0 пікір 17 Маусым, 2020 сағат 11:24

"Оскар" сыйлығын тапсыру салтанаты өтетін уақыт ауысты

2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған "Оскар" сыйлығын тапсыру салтанаты келесі жылы 25 сәуірде өтетін болды.

Коронавирус эпидемиясына байланысты биыл жыл соңында жарыққа шығуы тиіс бірқатар фильм жұмысы бітпей қалған. Сол себепті "Оскар" салтанатын ұйымдастырушылар фильмдерді таныстыру мен сыйлыққа ұсыну уақытын созды.

Сыйлықтан үміткер туындылар тізімі алдағы жылдың 15 наурызында жариялады. Сыйлық тапсыру салтанатын онлайн немесе оффлайн форматта өткізу туралы шешім әлі қабылданбаған.

"Оскар" сыйлығын таспыру салтанатының уақыты осымен төртінші мәрте өзгерді. 1938 жылы Лос-Анджелестегі су тасқысынына байланысты салтанатты кеш бір аптаға кешіккен. Адам құқықтарын қорғаушы Мартин Лютер Кингтің кісі қолынан қаза табуы, президент Рональд Рейгенге жасалған қастандық оқиғасына байланысты да "Оскар" салтанатын тапсыру уақыты ауыстырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129