Сенбі, 23 Қараша 2024
3465 1 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 18:40

Министрлік эпидемиологиялық ахуалды R көрсеткіші және орындардың бар-жоғына қарап бағалайды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күрт өсіп жатқан кезде денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалау үшін "қосымша критерийлер" енгізгенін хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 19 маусым күнгі үкімет отырысы кезінде енді жағдайға баға беру кезінде бір науқастың орташа есеппен қанша адамға вирус жұқтыратынын көрсететін R коэффициенті және орындардың бар-жоқтығына назар аударатынын айтты.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі науқастар санының көбеюіне қарай карантин шараларын күшейту не жұмсарту туралы шешім қабылдап келген.

"Егер R көрсеткіші 1,3-тен асса немесе ол 1,15 пен 1,3 аралығында болып, инфекциялық стационарлардың 70-тен астамы бос емес болса, карантин шараларын күшейту керек болады. Немесе стационардағы орындардың 90 пайызы бос емес болса, R-ға қарамастан карантин шаралары күшейтіледі" деді Ақтаева.

Өткен аптада денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылып, ауруханаға түскеннен кейін оның міндетін вице-министр Ләззат Ақтаева уақытша атқаруға көшкен. Министрліктің айтуынша, карантин шаралары жұмсару үшін орындардың кемінде 50 пайызы бос болуы керек және R көрсеткіші 1-ге тең болуы тиіс. Ведомство адам өлімі және жағдайы ауыр науқастар санын да қосымша критерий ретінде атады.

Дегенмен вице-министр елдегі R көрсеткіші мен инфекциялық стационарлардың бос-бос еместігі туралы мәлімет айтпады.

Осы аптада денсаулық сақтау саласының шенеуніктері Алматы мен Нұр-Сұлтандағы инфекциялық стационарлардың 90-95 пайызы бос емес деп мәлімдеп, жағдайдың күрделі екенін айтқан. Бұл қала тұрғындары коронавирусқа тестен өтудің қиын екенін айтып шағымданған. Кейбір ауру белгісі байқалған науқастар ауруханаға қабылдамайтынын жеткізген. Осы аптада шенеуніктер ауруханаға жағдайы ауыр науқастарды ғана жатқызатынын мойындады.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 23 960 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 7609-ында ауру белгісі жоқ. 105 адам қайтыс болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475