Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
5587 3 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 12:53

Қызылордада құбыр шығаратын зауыт іске қосылды

Қызылордада карантин кезінде 200 миллион теңгеге құбыр шығаратын зауыт іске қосылды. Жоба құрылыс индустриясы саласында жүзеге асырылған. Бұл туралы LS сайты жазған. 

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді. Жақында өндірісте жұмыс істейтіндер саны  20 адамға дейін жетеді деп күтілуде.

«Жобаның құны - 200 миллион теңге. Оның аясында күніне 3,5 тонна өнім шығарылуда», - делінген хабарламада.

Жобаның толық іске қосылуымен қуаттылығы тәулігіне 10 тонна өнім шығаруға болатындығы айтылды.

Бұған дейін Қазақстан құрылыс саласында 167,7 млрд теңгеге 33 жобаны жүзеге асырып жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Индустрияландыру картасына сәйкес, 2020 жылы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа өндірістердің ашылуына байланысты 4,2 мың жұмыс орны құрылады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 772
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1074