Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3970 0 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 12:55

БАҚ салықтан босатылады

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қазан айына дейін салықтан босатылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

Балаеваның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетілетін болады, өйткені баспасөз жарнамалық табыстың 60 пайызын жоғалтуы мүмкін.

«Парламент дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңге салықтар мен жалақы қорынан міндетті аударымдардан босатуды көздейтін заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Парламент 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін коммерциялық теледидарлар мен радиоарналарды аналогтық және сандық хабар тарату қызметтеріне ақы төлеуден босатуды қарастыратын заң жобасын қабылдады», - деді министр халықпен есептік кездесуде.

Бұған дейін Сенат «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы заңды қабылдады.

Палатада атап өтілгендей, түзетулер мемлекетке кәсіпкерлік субъектілері мен қоғамға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1100
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733