Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
8195 1 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 13:31

ҚМДБ жаназа намазын оқу мен ас өткізу талаптарын бекітті

ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібін бекітті.

Мүфтият мәліметінше, 2020 жылдың 18 маусымынан бастап жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге бірнеше талаптар қойылады.

- Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;

- Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;

- Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;

- Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;

- Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;

- ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;

- Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;

- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

- ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661