Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
6257 1 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 13:45

Министр: Күніне 2,5 мың адамнан пневмония анықталып жатыр

Елімізде тәулігіне 2,5 мың адамнан пневмония анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«10 маусымнан бастап пневмонияның айтарлықтай өршігенін байқап отырмыз. Ковид белгілері айқын көрінгенімен ПТР тестілеулері басқаша нәтиже көрсеткендер – пневмония анықталғандар көбейді. Өткен екі күнде күн сайын 2,5 мың адамнан пневмония анықталып отыр», - деді министр.

Осыған дейін министр Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында бірқатар мәлімдеме жасаған. Соның бірі – коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережелері өзгертілді. Енді оларды кез келген бейітке жерлеуге болатыны айтылды.

Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселе, соңғы кезде қызу талқыланып жатқан карантинді күшейтуге қатысты да сөз болды. Министрдің айтуынша, карантинді күшейту туралы нақты шешімді таяуда мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963