Мұндай мерей енді ширек ғасырдан соң ғана бұйырады
Біз пандемиямен күресіп жүргенде ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын ұмыттық. Тіпті, телеарнада халыққа жетер бір бағдарлама жоқ!
Абайдың өмірі, Абайдың айналасы, Абайдың ақын шәкірттері, Абай ұрпақтары, Абайтанушы ғалымдар, Абайдың музыкалық мұрасы, т.б. Осының бәрін қамтыған, бір жылға азық болар үлкен бағдарлама жасауға болар еді. Абай жәй ғана есеп берумен өтіп кететін жыл болмауы керек! Мұндай мерей енді ширек ғасырдан соң ғана бұйырады.
Мерейтой мүсін тұрғызумен, орталықтарды жаңартумен, мүшайрамен, конференциялармен, кітаптарды жаңартумен, бәйге мен көкпардан, т.б атағы аспан, абыройы ұзаққа созылмайтын мерекелермен өтпеу керек.
200 жылдыққа дейін Абайға жақын кім бар, кім жоқ?!
Қайсар Қауымбектің әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz