Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігі шекарада бір топ тәжікстандық тұрғанын растады.
Елшіліктің хабарлауынша, автовокзалда бірнеше апта болған жүз шақты адам 1 шілдеде елге қайтты.
"Біз мұнда жеті автобуспен түнде келдік. "Жібек Жолында" үш жүзге тарта отандас бар екен. Бізді Тәжікстан шекарасына дейін жеткізеді деді. Бірақ осында әкеліп тастап кетті. Енді не істеу керектігін білмейміз", - шекарада тұрған тәжікстандық Ильхом Бобиев.
19 маусымда Халықаралық миграция жөніндегі ұйым Тәжікстанның 635 азаматын 14 автобуспен үйге жеткізді. Мигранттардың елге қайтуына Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметтері көмектесті.
Тәжік дипломаттарының хабарлауынша, қазақ-өзбек шекарасында қалған тәжікстандықтарды екі-үш күнде үйге жеткізеді.
Abai.kz