"Рейдтердің саны да көбейеді. Бірден айыппұл салынады" деді.
Мэрдің айтуынша, тиісті орындарға Бішкектегі төрт ауданға тәулік бойы тексеру жүргізуге тапсырма берілген.
1 шілдеде Коронавирусқа қарсы республикалық шұғыл штаб бас қалада жаңа іс тәртібі бекітілгенін жариялады. Оған сәйкес, қоғамдық транспорттың, тамақтану орындары мен базарлардың жұмыс істеу уақыты шектеледі. Бішкекте қоғамдық транспорт - автобус, троллейбус кіші автобустар - жұмыс күндері таңғы 07.00-ден 10.00-ға дейін және кешкі 17.00-тен 21.00-ға дейін ғана жұмыс істейді.
Ал сенбі және жексенбі күндері толық тоқтайды. Кафелерге, мейрамханаларға, қоғамдық тамақтану орындарына 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді. Супермаркеттер, сауда орталықтары сағат 07.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар күн сайын сағат 06.00-дан кешкі 17:00-ке дейін істейді.
Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов ел президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу кезінде жоғары оқу орындары жатақханаларынан науқастарға арнап 750 орын дайындағанын және "Манас" әуежайында 400 орын ашылатынын жеткізген.
Қырғызстанда бүгінгі күнге дейін 5735 адамнан коронавирус анықталды, 62-і көз жұмды.
Abai.kz