Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4670 7 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 17:13

Жаман дертті бата мен тойдан жұқтырғандар көп

Алыстағы ауылымнан суық хабар келіп жетті: басқа жаққа көшіп кеткен ағалы-қарындасты ағайындарымыз бір батаға барғанда жұқтырған коронавирустен қайтыс болыпты.

Карантинге қарамастан, тығылып өткізген тойларға барып, жаман дертке шалдыққандар қаншама?! Арасында жұртқа ақыл айтып жүрген белгілі азаматтар да бар.

Қазекем өзі ауырмай, немесе жақыны мерт болмай, бата мен тойға баруды тоқтатар түрі көрінбейді. Сондықтан да карантин тәртібін бұзған жеке адамдарға айыппұл мөлшерін 83 мың теңгеге дейін көбейтуге Үкімет амалсыздан барғалы отыр. Елде қатаң тәртіп орнатудың қатал да болса қажетті бір жолы осы болар, шамасы.

"Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тәртіпке бағынбасақ, құл болмақ түгіл, ұлт ретінде құрып кетуіміз де мүмкін.

Қытайдың бұл індетті қатал тәртібімен жеңгенінен сабақ алғанымыз жөн.

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366