Дипломаттардың мәліметі бойынша, Соль-Илецк қаласындағы лагерь мен Самара облысындағы Маштаково бақылау-өткізу бекетіндегі адамдар тізімге алынған. Елшілік оларға 31 автобус бөлді.
"Қырғызстан елшілігі Ресей тарапымен бірге қырғыз азаматтарын коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен тегін өтізді. Автобустарды жалдау ақысын Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб бөлді" делінген елшілік хабарламасында.
Қырғызстанның Соль-Илецк қаласындағы лагерьде тұрып жатқан азаматтарының барлығы елге қайтты.
Бұл уақытта, орыс-қазақ шекарасында Өзбекстан азаматтары көптеп жиналып тұр. Бұл туралы Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі хабарлады.
Өзбек елшілігі еңбек мигранттарынан шекарадан өткізуге көмектесем дейтін алаяқтарға сенбеуін сұрап отыр.
Abai.kz