Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7479 15 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 12:31

Астананы ауыстырудың тиімді және тиімсіз тұстары

Тиімді тұстары:

1. Кез келген мемлекеттің астанасы соғыс жағдайында жау тез жетпейтін аймақта орналасуы тиіс деген заңдылық бар. Астана еліміздің орталығында орналасқан. Алматы ол жағынан шекарада еді. Сондықтан геосаяси тұрғыдан астананы ауыстыру дұрыс қадам болды. Мысалы 2000-жылдары Қазақстан мен Өзбекстан өзара аймақтық бәсекелестікте болған сәтте, әскери сарапшылар соғыс болса Ташкентті қорғау қиын дегенді айтты. Себебі біздің шекараға тиіп тұр. Бұл тұрғыдан қарасақ, ауыстыру дұрыс шешім.

2. Идеологиялық тұрғыдан дер кезінде шешім қабылданды. Мысалы 1999 жылы Астанада 300 мың халық болса, қазір 1,1 млн адам тұрады. Сол сәтте этникалық құрамының 40% ғана қазақтар болса, қазір ол көрсеткіш 80%. 90-жылдары Астана қаласында 45% орыс тұрса, қазір 12-15% орыстар. Яғни орыс азайған, қазақ көбейген. Бұл дұрыс.

3. Астана солтүстікке ықпал ету үшін де қажет. Біз "Қырым сценарийін" үнемі еске аламыз. Соны болдырмау үшін орталықтан шешім қабылданып, қазақыландыру іске асырылып жатыр. Тасбақаның жылдамдығымен. Бірақ әйтеуір бар. Ол тұрғыдан Астананың солтүстікке жақын болуы әсер етуде. Алматыда болса бұл тіпті қиын болар ма еді. Бірақ бағдарламаның іске асу жылдамдығына қарап шашым ағарды.

4. Тағы бір миллион халқы бар қаланы жасай алдық. Ол жақсы. Әлемдік стандартқа сәл-пәл жақын ғимараттар салынды. Олда дұрыс.

Тиімсіз тұстары:

1. Қаланың атауы. Басында таңдаған сәтте-ақ бірден "Алаш Орда" деп қойса, онда ұлттық идеологияға әсер етер еді. Жоқ, олай болмады. Мүмкін солтүстіктен жасқанған болар. Қазіргі атауы жайлы сөз қозғамай-ақ қояйын.

2. Бір тұлғаны дәріптеудің, культ ретінде көрсетудің қаласына айналды. Әуежай, университет, вокзал, қала атауы. Ол кісінің еңбегі жоқ емес, бар. Нақты шешім қабылдаған да сол адам. Бірақ осыншалық жағынатындай не болды? "Астананы бір адам салды" деу қате түсінігін тықпыштауда. Астана бір адамның шешімімен ауысты, ол рас. Бірақ қаланың әр кірпішінде қазақтың маңдай тері жатыр.

3. Астананы салу үшін көп қаржы кетті. Сәйкесінше аймақтар дамуы тежелді. Яғни қала салуға тым көп ресурс шаштық.

4. Астана экономикалық белсенді қала емес. Ол өнеркәсіп ордасы емес, шешімдер ордасы. Сәйкесінше қаржы таппайды. Мысалы мұнайлы батыс, көмірлі орталық, астықты Қостанай, күнбағысты, уранды шығыс, бау-бақшалы оңтүстік сияқты емес. Алматы сияқты экономикалық белсенді де емес. Яғни қаржы алады, бірақ қаржыны арттырмайды. Экономикалық актив жоқ.

5. Қаланың су жүйесінің "сұмдықтығы". Жауын сайын Венеция.

6.LRT-ны саламыз деген даңғазалық. Қала халқы мен кететін қаржыны есептеп-ақ, оның тиімсіз екенін жас бала да түсінді. Бірақ қаржы бөлінді, желінді. LRT жоқ. Айтпақшы 92 млрд теңгелік көше не болды?

Қорыта айтқанда: Астана қаласы мен Алматы арасында таңдау болса, Алматыны таңдаймын. Жастардың және креативтің, мүмкіндіктердің қаласы. Демократияның қаласы да осы Алматы. Кешегі Желтоқсан мен бүгінгі саяси қозғалыстар соның көрінісі.

Астана жазда салқын, қыста боран, суық. Ауа-райы тиімсіз. Алматы сияқты тауға шығу мүмкіндігі жоқ. Масасы гемоглoбиніңді азайтып, жүйке талшықтарыңды үзеді. Сондықтан Астана саяси шешім ордасы, бірақ өмірден кайф алатын шаһар емес деп бағалаймын.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456