Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3866 2 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 10:34

42 500 теңгені кімдер алады?

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралы кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді ол үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырма берді.

"Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл - 1 миллионнан астам адам", - деді үкімет басшысы.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын және мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922