Бағила Балмашева. Депутат болсам егерде
О, менің туған елім,
Бұрын түк бітірмесемде,
Парламентте отырып алып,
Ішімнен арагідік күбірлесемде.
Дауысым сыртқа шыққан емес,
Сырымды ешкім ұққан емес.
Бәрін кеш ұғып,
Сөйлемек болып есіліп,
Ұят болса да алдарыңызға қайта айналып келіп тұрмын,
«Нұр Отанға» сеніп тұрмын.
Партияның атынан түскендіктен,
Оның сөзін сөйлейтін менде құлмын.
Егер қайта сайлансам,
Алдарыңызда желмаядай желіп,
Сары майдай еріп,
Бойыма бітіп желік,
Жалтақтықтан арыламын,
Қастарыңнан табыламын.
Аспанда Алла,
Жерде сіздер жар болсын деп.
Тілегімді қолдасын деп
Сенім артып келіп тұрмын.
Уәдемді беріп тұрмын,
Жасыратын түгімде жоқ,
«Нұр Отанға» сеніп тұрмын.
Депутат болсам егер де,
Құлағың сал жарандар,
Күндерің туар сайрандар.
Жұмақ күнді күтсеңдер,
Ойланбай мені сайлаңдар.
Зейнет ақыларыңды өсіремін,
Жалқауларыңды кешіремін.
Қазақ тілін білмейтін мәкбастарды,
«Списоктан» өшіремін.
Астанада қаңырап бос тұрған үйлерге,
Бәріңді көшіремін.
Жолдарыңды дұрыстаймын,
Қарттарға бұрынғыдай ұрыспаймын.
Жабылған облыстарды қайта аштырамын,
Әкімдеріңді састырамын.
О, менің туған елім,
Бұрын түк бітірмесемде,
Парламентте отырып алып,
Ішімнен арагідік күбірлесемде.
Дауысым сыртқа шыққан емес,
Сырымды ешкім ұққан емес.
Бәрін кеш ұғып,
Сөйлемек болып есіліп,
Ұят болса да алдарыңызға қайта айналып келіп тұрмын,
«Нұр Отанға» сеніп тұрмын.
Партияның атынан түскендіктен,
Оның сөзін сөйлейтін менде құлмын.
Егер қайта сайлансам,
Алдарыңызда желмаядай желіп,
Сары майдай еріп,
Бойыма бітіп желік,
Жалтақтықтан арыламын,
Қастарыңнан табыламын.
Аспанда Алла,
Жерде сіздер жар болсын деп.
Тілегімді қолдасын деп
Сенім артып келіп тұрмын.
Уәдемді беріп тұрмын,
Жасыратын түгімде жоқ,
«Нұр Отанға» сеніп тұрмын.
Депутат болсам егер де,
Құлағың сал жарандар,
Күндерің туар сайрандар.
Жұмақ күнді күтсеңдер,
Ойланбай мені сайлаңдар.
Зейнет ақыларыңды өсіремін,
Жалқауларыңды кешіремін.
Қазақ тілін білмейтін мәкбастарды,
«Списоктан» өшіремін.
Астанада қаңырап бос тұрған үйлерге,
Бәріңді көшіремін.
Жолдарыңды дұрыстаймын,
Қарттарға бұрынғыдай ұрыспаймын.
Жабылған облыстарды қайта аштырамын,
Әкімдеріңді састырамын.
Шетелге қашқандарды алдырамын,
Қымбат коттедждерді кедейлерге қалдырамын.
Тау басындағы үйлерді қырғызамын,
Қаңғырған қазақтарға мойынды бұрғызамын.
Әгараки,
Бұлдансаңдар, бұрын қайда болдың деп,
Билікпен ауыз жаласып, елді неге сордың деп,
Күндерің қараң болсын,
«Нұр Отаным» аман болсын,
Бұрынғыдай заман болсын.
Алдарыңнан өту парызым
Партиямның қолы ұзын.
Сендерсізде сайланамын,
Жүзеге асса ойлағаным.
Бағила Балмашева
Арқалық қаласының тұрғыны,
облыстық, аймақтық айтыстардың жүлдегері
«Абай-ақпарат»