Жексенбі, 24 Қараша 2024
2420 2 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 11:19

Помпео Адам құқықтары жөнінде баяндама жасады

АҚШ мемлекеттік хатшысының сөзінше, Ресей, Қытай, Иран және Венесуэла әлемдегі негізгі адам құқықтарын бұзатын елдер болып саналады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл сөздерін Филадельфияда Адамдардың ажырамас құқықтары жөніндегі комиссия отырысында айтты.

Помпео адам құқығы тек Америка қоғамында ғана емес, сыртқы саясатта да басты рөл атқаруы тиіс деп атап өтті. Мемлекеттік хатшының сөзінше, АҚШ адам құқықтары үшін күресіп жүрген адамдарға үміт беруші маяк секілді қызмет етіп жүр. Мысал ретінде ол Гонконгтағы наразылық шарасы кезінде митингке шыққан адамдардың қолына америкалық туды ұстап жүргенін келтірді.

Помпео АҚШ-та Black Lives Matter акциясына қатысушылардың ескерткіштерді құлатқанын да сынға алды.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге Біріккен ұлттар ұйымын сынға алды. Оның айтуынша, БҰҰ кеңесі диктаторлардың нұсқауымен қимылдап, бұзылып жатқан адам құқықтарына көзді жұма қарайды.

Помпео АҚШ өзге елдердің көмегімен адам құқығын бұзушыларға санкция салуға дайын деп атап өтті.

АҚШ бір жыл бұрын Адамдардың ажырамас құқықтары жөнінде комиссия құратынын жариялаған. Помпеоның сөзінше, ұйым Вашингтонға Американың сыртқы саясаттағы адам құқығы рөлін қайта қарауға көмектесуі керек.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550