Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5065 14 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 12:44

Қашан ел боламыз?

Осыдан 15-20 жыл бұрын телевизордан Африканы жиі көрсететін. Күніне 2-3 мәрте гуманитарлық көмек баратын. Сонда бұл біздің телевизияның саясаты ғой: мынаған қараңыздар, кейбір кедей елдер кәдімгідей қиналып өмір сүріп жатыр, Қазақстанға қарағанда жағдайлары жүз есе нашар.

Сонда ойлайтынмын: ата-бабаларымыз аманат қылып тапсырып кеткен кең-байтақ жеріміз бар, табиғат ресурстарына да баймыз, шүкір, мұнай мен газымыз жердің астынан бұрқ етіп сыртқа өзі шығып жатыр, әлемде ең сирек кездесетін қымбат металл да жеткілікті, көршілеріміз дамып бара жатқан Кытай мен Ресей, адами потенциалымыз да зор, бар-жоғы 15-ақ миллион қазақпыз. Қайыршы африкалық деңгейге ешқашан түспейміз-ау, мұқтаж ел болып ешкімнен гуманитарлық көмек сұрамаймыз-ау деген оймен жүрген пендемін.

Бүгінгі жағдайымыз осы. Жетіскен екенбіз. Күніне қазақты құтқаратын бір-екі самолет жедел ұшып келіп жатыр...

Сонда бір ғасыр бұрын отарлау саясаты кезіндегі 1921-23 ж. ашаршылық жағдайы есіме түсіп кетті.

Сол қилы заманда да шетелден гуманитарлық көмек келіп тұратын.

Қашан ел боламыз?

Шыңғыс Бауыржанұлының жазбасы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543