Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3963 0 пікір 29 Қараша, 2011 сағат 06:40

Ағысбек Төлегенов: «Дат» (Ашық хат)

Жоғарғы сот "діни ұйымға қатысы бар" деп қызметінен шеттеткен ақтөбелік судья Ағысбек Төлегенов өз атынан Президенттің атына ашық хат жазыпты. Төменде сол хатты жариялап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Құрметті Президент!

Сізге, Қазақстан Республикасы аумағында Заңның және Әділеттің сақталуын кепілдік ететін тұлға ретінде дат айтамын.

Біз барша әлемге құқықтық мемлекет құрып жатқанымыз жөнінде паш еттік және ақиқатында, ол тұрғыда аз жұмыс жасалынған жоқ.

Менің түсінігімде Заң және құқық барша азаматтарға бірегей тең. Бірақ, өзімнің алдыма шыққан мәселеге келгенде, бұл мызғымас қағиданы айналып өтуге немесе қаперге алмауға болатынын түсіндім. Және оны жасап отырған қаймана қазақ емес - Өзіңіздің сенім артқан Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, яғни, мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғалары: Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, еліміздің Бас прокуроры, Жоғарғы Сот судьялары мен төрағасы, Сенат және Мәжіліс депутаттары, республикалық қорғаушылар Одағының төрағасы.

Жоғарғы сот "діни ұйымға қатысы бар" деп қызметінен шеттеткен ақтөбелік судья Ағысбек Төлегенов өз атынан Президенттің атына ашық хат жазыпты. Төменде сол хатты жариялап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Құрметті Президент!

Сізге, Қазақстан Республикасы аумағында Заңның және Әділеттің сақталуын кепілдік ететін тұлға ретінде дат айтамын.

Біз барша әлемге құқықтық мемлекет құрып жатқанымыз жөнінде паш еттік және ақиқатында, ол тұрғыда аз жұмыс жасалынған жоқ.

Менің түсінігімде Заң және құқық барша азаматтарға бірегей тең. Бірақ, өзімнің алдыма шыққан мәселеге келгенде, бұл мызғымас қағиданы айналып өтуге немесе қаперге алмауға болатынын түсіндім. Және оны жасап отырған қаймана қазақ емес - Өзіңіздің сенім артқан Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, яғни, мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғалары: Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, еліміздің Бас прокуроры, Жоғарғы Сот судьялары мен төрағасы, Сенат және Мәжіліс депутаттары, республикалық қорғаушылар Одағының төрағасы.

Мүмкін, бұл ақпарат жарық көргенше, Сіздің, мені судья қызметінен босату туралы Жарлығыңыз да шығып қалар. Дегенмен, еліміздің азаматы және заңгер ретінде төменде баян етілетін заңсыздық оқиғасы маған тіреліп ары қарай қандастарыма жайылмауы үшін сондай-ақ, мемлекетіміздің бірінші заңгерлері менің мәселемді заң негіздерінде шешпей, өздеріне жүктелген тікелей міндеттерін атқармағанын көпшіліктің білгенін қалап отырмын.

Сіздің 1997 жылы 8 қаңтардағы Жарлығыңыздың негізінде мен Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотының төрағалығына тағайындалдым. Ал 1999 жылдың шілде айында Ақтөбе облыстық сотына судья қызметіне ауыстым. Жұмысымды 18 қазан 2011 жылға дейін атқарып келдім, осы уақыттан бастап судья қызметім уақытша тоқтатылды.

Басынан айтсам, судья қызметімді атқарып жүріп, 2000 жылы бес уақыт намазға жығылдым. Мешітке барып тұрамын, ата-бабамыз ұстанған жолымен дәстүрлі ханафи мазғабы бойынша ислам дінімізді ұстанғанымды жасырмаймын.

2011 жылдың тамыз айының аяғында облыстық сот басшылығы сені Жоғарғы Соттың кадр қызметі шақырып жатыр деген соң Жоғарғы Сотқа бардым. Мені қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов қабылдады. Ол: «жұмысыңа сұрақтарымыз жоқ, діни көзқарасың бойынша сұрақтарымыз бар» деді де, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Департамент бастығы Әлиасқаровтың Жоғарғы Сот төрағасы Б.Бекназаровқа жазған хатын көрсетті. Хаттың мазмұнында, мен заң талабына сай тіркелмеген діни ұйымға құқықтық көмек көрсететінім, Алматы қаласы, Қызылорда облысынан азаматтар телефон соғатынын, оларға құқықтық көмек көрсететінім, Павлодар облысына, Ақтөбе облысының Қобда, Шалқар аудандарына барғаным туралы айтып, менімен профилактикалық тұрғыда әңгіме жүргізу сұралған.

Бұл хатпен танысып, ондай діни ұйым туралы ештеңе білмейтінімді, Павлодар облысында туған ағам тұратынын, оған барып тұратынымды, Алматыда, Қызылорда облысында туыстарым барын, Ақтөбе облысының аудандарында туыстарым, жолдастарым барын, оларға демалыс күндері барып тұру ешбір заңға қайшы келмейтінін айттым. Бірақ осы үшін Жоғарғы Сотқа шақырғасын, мәселенің маңыздылығын түсінгенімді, отбасымның, жұмысымның, елімнің тыныштығы маған да бірінші кезекте керек екенін түсіндіріп, бұдан былайғы кезде бұрыннан да сақ жүретінім жөнінде уәде бердім. Бірақ сонан келе А.А.Қасымов мырза жұмыстан өз еркіммен кетуімді ұсынды. Мен өз еркіммен кетпейтінімді айттым. А.А.Қасымовтың  әлі де ойлан деген сөзіне ойланамын деп жауап беріп,  шығып кеттім. Осыдан кейін Жоғарғы Соттың төрағасы Б.Бекназаровқа кірдім. Ол да осы әңгімені айтып, егер өз еркіңмен кетпесең, мен туралы құжаттарды Қауіпсіздік Кеңесіне жолдайтынын мәлімдеді. Б.Бекназаровтың сөзіне ойланамын деп жауап беріп, оның қабылдауынан шықтым.

Ақтөбеге келген соң, өзімнің басшыларым да маған өз еркіммен кетуді ұсынды. Мен бұл ұсынысқа: «Олардың маған жандары ашып тұрмағанын, ал өзімнің заң талаптарын бұзбағанымды білетіндіктен, өз еркіммен кете алмаймын» - деп, жауап бердім.

Сөйтіп, мен көнбеген соң, облыстық соттың төрағасы Е.Айтжанов менің үстімнен судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқасына 15 қыркүйекте ұсыныс түсірді. Ұсыныста, мен еңбек тәртібін бұзғаным жөнінде - жұмысқа кешіккендерімді жиып-теріп, сосын судья әдебі туралы заңды бұзды, яғни, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің мәліметінен мен экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен тығыз байланыста екенім жөнінде, елімізге жат діни көзқарастағы азаматтарға материалдық, құқықтық көмек бергенім анықталған, тіпті сот ғимаратының маңында сырт келбеті теріс ағымдағы діни ұйым өкілдеріне келетін азаматтармен бірнеше рет кездесіп, оларға құқықтық көмек бергенім туралы айтылған.

Осы ұсыныс бойынша қызметтік тексеріс жүргізуді, менен, әріптестерімнен түсініктеме алуды өтіндім. Бірақ мені ешкім тыңдамады. Басшылық мені Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-нен келген мәліметтермен таныстырмай, Конституцияның 18-ші бабында көзделген құқымды бұзды.

Осы ұсыныс негізінде облыстық тәртіптік-біліктілік алқа, өзінің 27 қыркүйек 2011 жылғы шешімімен мені судья қызметінен босату жөнінде тәртіптік шара қолданды. Онымен келіспей Жоғарғы Соттағы республикалық тәртіптік-біліктілік алқаға шағымдандым. Шағымым 17 қазан 2011 жылы қаралып, облыстың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Менің Жоғарғы Сотқа жазған өтінішім, яғни, Ақтөбе гарнизонының әскери сотына Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-тін жауапкер деп тартып, берген мәліметтерін шындыққа сай емес және оларды жоққа шығаруды міндеттеу туралы талап арызым бойынша қозғалған азаматтық іс аяқталғанша республикалық алқадағы менің тәртіптік ісімнің өндірісін тоқтата тұру жөніндегі өтінішімді қанағаттандырмады.

Азаматтық істің бірінші отырысы 19 қазан 2011 жылға тағайындалған болатын, ал Республикалық тәртіптік-біліктілік алқа оған 2 күн жеткізбей менің тәртіптік ісімді қарап тастады. Әскери соттың бірінші отырысында-ақ жауапкер - Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-тінің өкілі Беспалько В.Ю., мен жөнінде облыстық сотқа ешқандай мәліметтер бермегендері туралы айтып түсіндіріп, жазбаша хат түсірді. Аталған мән-жайлар Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК Департаментінің бастығының бірінші орынбасары Б.Рахимбердиевтің де әскери сотқа жолдаған шығыс санды №1-ОГ/3054, 26 қазан 2011 жылғы жылғы хатымен расталады, яғни, бұл хатта ҰҚК Департаменті Жоғарғы Сотқа және Ақтөбе облыстық сотына мені әшкерелейтін ешқандай мәліметтер бермегендерін айтқан. Осы негіздерді Ақтөбе гарнизонының әскери соты өзінің 2 қараша 2011 жылғы шешімінде де бекітті.

Осындай жағдайда, Ақтөбе облыстық сот төрағасының еш негізсіз ұсынысымен облыстық тәртіптік-біліктілік алқа мені жұмыстан себепсіз шығарып отыр, ал ол заңсыздықты Жоғарғы Сотпен Жоғары Сот Кеңесі растап, бекітіп отыр.

25 ақпан 2011 жылы Жоғарғы Сотта өткен «Сот билігінің тәуелсіздігі, халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы және 25 маусым 2010 жылы Киев қаласында «Орта азия, Кавказ, Шығыс еуропадағы сот билігінің тәуелсіздігі сұрақтары жөнінде» өткен халықаралық конференцияларда судья шешім қабылдағандағы ой-пікірі (убеждение) үшін жауапты болуға тиіс емес дейді, ал менің жағдайымда жалпы сенімім үшін жазаландым деп есептеймін және ешкім саған дәлелдемейді, айтылды, болды дейді, бұл 1937 жылға ұқсап кеткен сияқты.

Осы тұрғыда кейбір басшыларымыз адамның діни-сенім нанымына байланысты еркіндігі және оған қолсұғылмаушылық тікелей Ата Заңмен, қылмыстық, әкімшілік кодекстер талаптарымен қорғалғанын ұмытып кететін сияқты.

«Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 41-ші бабына сай тәртіптік-біліктілік алқа Жоғарғы Сот төрағасының немесе жергілікті соттар төрағаларының ұсынымымен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты, сондай-ақ қоғамдық резонанс туғызған тәртіпсіз іс-әрекет жасағаны үшін кез келген судьяға тәртіптік өндіріс қозғай алады. Маған кінә тағылып отырған жағдай жоғарыда айтылған талаптардың бір де біреуіне де келмейді.

«Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 42-ші бабына сәйкес судья жөнінде тәртіптік өндіріс судьяның тәртіпсіз іс-әрекет жасағаны анықталған уақыттан бастап 3 айдың ішінде ғана, ал нақ осындай әрекет жасаған уақыттан бастап 1 жыл ішінде қозғалуға жатады, менің жағдайымда, мен білмеймін, айтып отырған мәліметтердің қай кезде белгілі болғанын және қай уақытта өрбіген оқиғалар жөнінде екенін, сондықтан мені заңсыз судья қызметінен босатты деп санаймын.

Ата Заңымызда, біздің Ел ратификациялаған «Саяси, азаматтық құқылар жөніндегі» халықаралық Пактіде әрбір адамның өз құқын сотта қорғауға құқы бар екені бектілген, ал біз судьялар, неге Республикалық тәртіптік-біліктілік алқаның (соттың емес) шешімінің заңдылығын сотқа жүгіну арқылы тексере алмаймыз? Бұл жөнінде судьялардың өздері кіріптар болып отыр деп санаймын.

Құрметті Елбасы!

Осыған ұқсас заңсыздықтармен біздің еліміздің азаматтарының көпшілігі күнделікті кездесіп отырып, көндігуге мәжбүр. Сондықтан, Сізге Әділет және Заң кепілі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шығып, Заңнан тәуелсізбіз деп ойлап жүрген кейбір лауазымды тұлғалардың есін жиғызуыңызды сұраймын.

Сізге ілтипат, құрметпен, судья А.Т.Төлегенов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321