Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5290 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 12:59

Интернет шенеуніктерге халықтың пікірін білу үшін керек

Душанбе. 30 қараша. ҚазТАГ. - Жұлдыз Әбділдә. Интернет шенеуніктерге халықтың пікірін білу үшін керек, деп есептейді Литва Журналистер одағының төрағасы Дайнюс Радзявичюс.

«Мен өзім он екі жыл мемлекеттік қызметте істедім. Шенеуніктердің жағдайын жақсы білемін және түсінемін. Олар ұдайы көптің көңілінен шығатын бірдеңе істеуге талпынады. Бірақ, елмен санасуды естерінен шығарып алады. Кейде менің шенеуніктерге жаным ашиды. Олар көпшілік баратын дүкендерге бара алмайды, халықпен еркін араласа алмайды, оларға ешкімнің шындықты айтпайтыны тағы бар. Осы тұрғыдан алғанда, шенеуніктер үшін интернет өте тиімді. Яғни, олар жасырын кіріп, өздерінің пікірін еркін білдіре алады, тіпті пікір таластыра алады», - деді ол Душанбеде «Плюрализм және интернетті басқару» конференциясында.

Сонымен бірге, Д.Радзявичюс өз сайттары арқылы пікір білдіруді плюрализм деп атауға болмайтынын айтты.

«Екі тарап әңгімеге теңдей араласқанда ғана плюрализм болады. Егер біреуі сөйлеуші, ал екіншісі тыңдаушы болса, онда бұл плюрализм емес, басқару. Билік пен оппозиция өздеріне тиесілі сайттарда пікір білдіріп жатса, бұл да плюрализм емес. Өйткені, мұндай жағдайда олар бір-бірімен пікір таластырушы емес, өзара пікір білдіруші ғана болып қалады», - деді ол.

«Плюрализм және интернетті басқару» конференциясы Душанбеде 29-30 қараша күндері өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан елдерінің БАҚ өкілдері, Англия, Германия және Литва сарапшылары қатысып жатыр. Шараны ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі ұйымдастырған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963