Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2713 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 06:39

Елдегі реформалар бизнеске қолайлы ма?

Кеше Алматыда ҚР Үкіметі, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAІD) және Дүниежүзілік банктің ұйымдастыруымен "Қазақстандағы бизнес жүргізу саласындағы реформалар: іске асыру барысы және болашағы" тақырыбындағы конференция болып өтті. Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қамтыған бұл жиында жоғары шенді мемлекеттік шенеуніктер осы мақсаттағы реформалар жайымен таныстырды. Айта кетсек, бұл реформалардың жүргізілуіне Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігіне қатысты әлемнің 181 мемлекетін қамтитын жыл сайынғы рейтингі де түрткі болса керек.
Жиынға қатысқан ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банк және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің техникалық көмегінің арқасында бірқатар маңызды салалардағы заңдарды жетілдіруге бағытталған реформаларды әзірлеп келеді. Бұл реформалар 2009 жылдың шілде айынан кейін одан сайын жеделдетілуі тиіс.

Кеше Алматыда ҚР Үкіметі, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAІD) және Дүниежүзілік банктің ұйымдастыруымен "Қазақстандағы бизнес жүргізу саласындағы реформалар: іске асыру барысы және болашағы" тақырыбындағы конференция болып өтті. Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қамтыған бұл жиында жоғары шенді мемлекеттік шенеуніктер осы мақсаттағы реформалар жайымен таныстырды. Айта кетсек, бұл реформалардың жүргізілуіне Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігіне қатысты әлемнің 181 мемлекетін қамтитын жыл сайынғы рейтингі де түрткі болса керек.
Жиынға қатысқан ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банк және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің техникалық көмегінің арқасында бірқатар маңызды салалардағы заңдарды жетілдіруге бағытталған реформаларды әзірлеп келеді. Бұл реформалар 2009 жылдың шілде айынан кейін одан сайын жеделдетілуі тиіс.
- Соңғы жылдары Үкімет кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес ортаны жақсартуға баса мән беріп келеді. Мемлекет бұл бағытта әлемдегі ең озық тәжірибелерді пайдаланып, халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі - мемлекет пен жеке бизнес арасындағы өзара тиімді, жаңа форматтағы серіктестік орнату. Әрине, біздің елдегі бизнес-климатты жақсартуға бағытталған іс-қимылдарымызға қатысты шынайы бағалардың бірі - Дүниежүзілік банкі құрастыратын "Бизнес жүргізу" рейтингі. Бұл рейтинг елімізде бизнес жүргізудің қаншалықты жеңіл екенін, кәсіпкерлік ісіндегі құжат рәсімдеу мен рұқсат алуға қанша уақыт кететінін, мұндай процедураларды орындауға қанша шығын жұмсалатынын анықтайды, - деді Бақыт Сұлтанов.
Аталған рейтингтің өткен жылдың қыркүйек айында жарияланған соңғы деректеріне қарағанда, Қазақстан 181 мемлекеттік арасынан 70 орынды иеленіпті. Осылайша біз 2008 жылмен салыстырғанда 10-орынға жоғары көтеріліппіз. Ал Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің арасындағы рейтингте Қазақстан тізімнің бел ортасында келеді. 25 елдің арасынан 12-орында тұрмыз. Мұнда алғашқы бестікте Грузия, Эстония, Литва, Латвия, Әзірбайжан, ал соңғы сатыда Ресей, Өзбекстан, Украина және Тәжікстан мемлекеті орналасқан.
Сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қазақстанның осы рейтингтегі көрсеткішін жақсарту жолында атқарылған жұмыстарға да қысқаша тоқтала кетті.
- Өткен жылдың қараша айынан бері осы мәселеге байланысты Премьер-министрдің орынбасарына арнайы бекітілген жұмыс тобы жұмыс істеп келеді. Бұл топтың жұмысы елдегі бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға бағытталған. Әрине, Дүниежүзілік банктің рейтингінен жоғары орын алу алға қойған мақсатымыз емес, бұл тек жүргізіліп жатқан жұмыстарды бағалау құралы ретінде қызмет етеді. Тағы бір айта кеткім келетіні, бұл топтың жұмысына барлық мүдделі тараптар - мемлекеттік органдар, "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы, Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы және Дүниежүзілік банктің бизнес ортаны жетілдіру жөніндегі командасының мамандары, USAІD ұйымының сауда мен кедендік реформаларды либерализациялау жөніндегі жобалар қатысады. Бұл жұмыстың аясында рейтингтің жеті индикаторы бойынша көрсеткіштерімізді жақсарту мен сауда және кедендік реформаларды жетілдіру жөніндегі бес кеңес құрылды. Олар кәсіпорын ашу ісін, құрылысқа рұқсат алу, меншіктегі мүлікті тіркеу, несие алу, инвесторларды қорғау, халықаралық сауда жүргізу сияқты талаптарды жеңілдету мақсатында нақты ұсыныстар әзірледі. Азғантай уақыттың ішінде-ақ жұмыс тобы әкімшілік кедергілерді азайтып, елдегі бизнес климатты жақсартуға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілер мен мекемелердің ішкі актілерін қабылдап үлгерді, - деп қосты министр.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жүргізілген реформалардың қатарына "бір терезе" қағидасы бойынша жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуын, кәсіпорынды тіркеу мерзімдерінің қысқартылғанын, мемлекеттік баж салықтарының азайып, кәсіпорындар үшін электр желілеріне қосылу құнының азайтылғанын жатқызуға болады. Сондай-ақ министр USAІD өкілдеріне жер телімдерін үлестіру мерзімінің қысқарғаны мен жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімінің 15 күннен 10 күнге дейін қысқарғанын жеткізді.
Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Сергей Шаталов та Қазақстан экономикасындағы айрықша маңызы бар салалардағы жағдайдың жақсарғанын тілге тиек етті. "Жаһандық қаржы дағдарысы мен көптеген елдерде орын алған рецессия жағдайында бизнес жүргізуді жеңілдету мен жеделдетудің маңыздылығы артып отыр. Қазір бизнес-қауымдастықтар Үкіметтің реформаларымен танысып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасының артуын күтуі керек", - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі.
Әрине, конференция жұмысына қатысқан мемлекеттік орган өкілдері мен өзге де білікті мамандар атап өткендей, Қазақстандағы бизнес-климатты жақсарту жолында қайта қарастыру мен үлкен өзгерістерді талап ететін салалар да жоқ емес. Мұндай тұстардың бірі - корпоративтік банкроттық саласы. Бұл жерде банкротқа ұшыраған фирманың бизнестен кетерінде кредиторлар мен тұтынушылардың шығындарын мейлінше қысқартуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да қазір ел Үкіметі банкроттықтың қазіргі жүйесін қайта қарастыру мәселесін көтеріп отырған көрінеді.
- "Қазақстан Үкіметі мемлекет пен жеке сектор арасындағы тиімді әріптестіктің негізін қалайтын ең үздік әлемдік тәжірибені қолдануда. Осының арқасында елде жүргізіліп жатқан әкімшілік және құқықтық реформалардың тұрақты болатынына сенімдіміз", - деді АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің директоры Джанет Баллантайн.
Айта кетсек, Дүниежүзілік банктің жаһандық "Бизнес жүргізу" рейтингінің көш басында Сингапур, Жаңа Зеландия және АҚШ тұр. Ал Қырғызстан - 68, Ресей -120, Өзбекстан - 138, Украина 145-орында келеді.

 

 

Айдын Олжаев

«Айқын» газеті 27 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394