Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2825 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 04:56

Ақтөбеде 12 адам терроризм үшін сотталып жатыр

Ақтөбе. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында терроризм бабы бойынша айыпталған 12 адамға қатысты көшпелі процесс өтіп жатыр, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Олар террористік топқа мүше болу, террористік топ құру және оны басқару, терроризмді насихаттау, аталған мазмұнды материалдарды тарату фактілері бойынша айыпталып отыр. Бұдан басқа, оларға теракт жасады, атыс қаруын заңсыз сатып алды, террористік қызметті қаржыландырды, діни алауыздықты тудырды, жарылғыш құрылғысын қолдан жасады деген айыптар тағылып отыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінің өкілі Виктор Беспалько. Ол істегі эпизодтардың бірі 2011 жылдың мамырында ҰҚКД ғимаратында өзін-өзі жару фактісі болып отырғанын атап көрсетті.

Облыстық сот баспасөз қызметінің бас маманы Илиада Досованың айтуынша, айыпталушылардың әрқайсысына түрлі баптар бойынша айып тағылған: «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу және халықты қорқыту мақсатымен адамның өміріне қастандық жасау», «террористік топ құру», «терактілерге қатысу», «терроризмді насихаттау», «экстремизмді бірнеше рет қаржыландыру», «адамдар тобында діни алауыздықты тудыру», «қару-жарақ сақтау», «заңсыз қаруды қолдан жасау».

Еске сала кетейік, 17 мамырда Ақтөбеде ҰҚКД ғимаратына жарылғыш заты бар белдік таққан ер адам басып кіріп, өзін жарып жіберген. Кейін өзін-өзі жарып жіберген адамның 24 жасар Рахымжан Мақатов екені анықталды. ҰҚК күзетшісі, ҰҚК қызметкері және жанкештімен бетпе-бет қақтығысқан мұнай компаниясының өкілі Ж.Молдин қаза болды. Жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 20 адам ұсталды, оның 12-сі сотталып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5382