Сенбі, 23 Қараша 2024
4770 15 пікір 25 Шілде, 2020 сағат 16:45

ОСК Сенат депутаттығына үміткерлердің тізімін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызда өтетін сайлауға Сенат депутаттығына кандидаттардың қорытынды тізімін бекітті. 

Ақпарат бойынша, 2020 жылы 23 шілдеде сағат 18-дегі жағдай бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 17 мандатына 94 ұсынылғандардан 58 кандидатты тіркеді. Орташа есеппен бір орынға 3 адам үміткер. Өңірлер арасында ең көп кандидат саны Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында – 5 адам тіркелген.

Тіркелген үміткерлердің ішінде 48 (82,8 пайыз) ер мен 10 (17,2 пайыз) әйел (салыстыру ретінде: 2017 жылы 47 (90,7 пайыз) ер мен 5 (9,3 пайыз) әйел, 2014 жылы 51 (96,1 пайыз) ер мен 2 (3.9 пайыз) әйел).

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келе жатқанын атап өтті. Тіркелген кандидаттар арасында - 10 әйел, бұл 17,2 пайыз. Өткен сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге дерлік өсті.

Мамандықтар бойынша: 19 – инженер, 13 – экономист, 8 – педагог, 7 – аграрлық сала қызметкерлері, 5 – дәрігер, 3 – заңгер, 1 – саясаттанушы, 2 - басқалар.

Кандидаттар арасында 21 коммерциялық құрылымдардың қызметкері; 16 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері; 12 мемлекеттік қызметші, 5 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 4 Сенат депутаты бар.

«23 шілдеде сағат 18-ден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық үміткер сайлау алдындағы үгітті бастай алады, ол биылғы 11 тамызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Сенат депутаттығына кандидаттарға үгіт жұмысын жүргізу тең жағдайда өтуіне заңнама кепілдік береді», - делінген хабарламада.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394