20 наурыздан бері пандемияға байланысты Мекке және Мәдинадағы тәу ету мешіттері жабылды.
Биыл он мың мұсылман ғана зиярат ете алады. Олардың үш мыңы Сауд Арабиясы азаматы болса, қалған жеті мыңы – өлкедегі шетел азаматы және іс сапарда жүргендер мен студенттер. Олардың бәрі коронавирусқа тест тапсырып, қажылыққа дейін және кейін екі апталық карантин шараларын сақтауға міндетті.
Джон Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, Сауд Арабиясында 270 мың адамнан коронавирус анықталған. Індет бұл өлкеде 2700-ден астам адамның өмірін алған.
Abai.kz