Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
3686 0 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 11:43

Мәскеуде қазақстандық студентті өлтірді деген күдікпен Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталды

Мәскеу Басман аудандық соты Дағыстанның бұрынғы үкімет басшысы Мұхтар Меджидовтің ұлы Муртузалиді қазақстандық МГИМО студенті болған Томирис Байсафудың өліміне күдікті ретінде екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Қаза тапқан қыздың анасы Жанна Ахметова инстаграм парақшасында дағыстандықты қамауға алғаны үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ресей Тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастрыкинге алғысын жеткізген.

"Біздің президент әлемде бәрін сатып алуға болмайтынын, жауаптылар жазасыз кетпейтінін көрсетті! Елдің бірінші басшысы қарапайым адамдардың өтінішіне құлақ асқаны үлкен құрметке лайық! Президент, сізге рақмет!" – деп жазды.

21 жастағы МГИМО студенті 2018 жылдың көктемінде оқу орны ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен. Ол ауруханаға түсіп, бірақ 3 мамырда көз жұмған. Сол кезде "Өлімге дейін жеткізді" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі мұны жазатайым оқиға деп мәлімдеген. Бірақ куәгердің бірі оны терезеден итеріп жібергенін айтқан. Оның айтуынша, терезеден итермес бұрын, қызды ұрған.

Муртузали Меджидов марқұммен бірге оқыған. Кейбір мәліметтер бойынша, екеуі кездесіп жүрген. Оны 29 шілдеде ұстады. Әзірге оған ешқандай айып тағылмаған.

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға істі жеке бақылауына алуын өтінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 165
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 179
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 162
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 109