Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
3826 0 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 13:03

Cауда нысандары қашан ашылады?

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы сауда нысандарының қашан ашылатынын айтты.

«17 тамыздан бастап – санитарлық талаптарға жауап беретін нысандар жұмысын бастайды», - деді Ералы Тоғжанов ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық санаттағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек), балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат), сән-салондары, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар осы талаптарға сай болуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Тоғжанов Кәсіпкерлік субъектілері тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан жағдайда ғана жұмысын бастай алатынын айтқан.

«Әрбір нысанды ашылар алдында әкімдік қызметкері, қоғам өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілі, кәсіподақ ұйымдары тексереді. Тек барлық талаптар орындалған жағдайда ғана тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан соң нысандарға жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Онсыз нысандар жұмысын бастай алмайды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 161
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 174
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 156
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 106