Сенбі, 23 Қараша 2024
3068 0 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 12:25

Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әнуар Жұмаділдаев 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып еңбек етті.

2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371