Сенбі, 23 Қараша 2024
2248 1 пікір 11 Тамыз, 2020 сағат 13:53

Қазақстандағы ЖІӨ жеті айда 2,9%-ға төмендеген

Бүгін өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылдың қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік экономикалық дамудың қорытындысы туралы айтыпты. Дәленовтың мәліметінше, жеті айда Қазақстандағы жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеген.

Жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне биыл қаңтар-шілде айларында тауарлар өндірісінің 2,1%-ға өсіп, көрсетілетін қызметтердің 6,2%-ға қысқарғаны әсер еткен.

Сондай-ақ, министр жылдық инфляция 7,1% құрағанын айтты. Бұл 8-8,5% деп  күтілген инфляция дәлізінен төмен.

Ал, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі салаларында өсім байқалған көрінеді.

«Өндірістік секторда 2,1%-ға өсім байқалады, оның ішінде құрылыста – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8%, ауыл шаруашылығында – 2,5%-ға өскен. Импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы сақталуда», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқарып, мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалаған. Нәтижесінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 0,4%-ға төмендеген.

Ал, 2020 жылғы қаңтар - шілде айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 51,5 млн тоннаны құрапты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға төмен.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы $42,5 млрд құрағанын мәлімдеді. Оның ішінде, экспорт $26 млрд, импорт $16,5 млрд болған. Сондай-ақ, есепті кезеңде негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылған.

Одан бөлек, қаңтар-шілде айларында Қазақстанда мұнай экспорты 42 млн тоннаны, газ өндіру көлемі 33,4 млрд текше метрді, табиғи газды ішкі тұтыну көлемі 9,5 млрд текше метрді, Уран өндіру көлемі 11 873 мың тоннаны  құраған. Ал, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,8 млн тоннаны құрап, оның 938 мың тоннасы ішкі нарықта пайдаланылыпты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475