Сенбі, 23 Қараша 2024
2482 2 пікір 18 Тамыз, 2020 сағат 11:33

Өзбекстан АЭС салу үшін әзірге Ресеймен келісімге келуге дайын емес екенін мәлімдеді

Өзбекстан Атом электр станциясын (АЭС) салу үшін Ресеймен келісімге келуге әзір дайын емес деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Шерзод Ходжаев.

"Бізге, ия, келісім талаптары қанағаттандырады деп айту үшін біраз уақыт керек. Біз әзірге дайын емеспіз. Дегенмен, әрбір келіссөз сайын, өзбек тарабының талаптары орындалып келеді. Бірақ біз әлі де келісім талаптары өзгергенін қалаймыз", - деді министр жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.

2018 жылдың 19 қазанында Өзбекстан мен Ресей президенттері Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин Жызақта АЭС құрылысын символикалық түрде бастады деген түймені басқан еді.

2019 жылдың 3 қыркүйегінде "Росатом" басшысы Алексей Лихачев құрылысты 2020 жылы бастаймыз деп мәлімдеген.

Бірақ кейін станция құрылысын бастау 2022 жылға шегерілгені белгілі болды.

Қазір "Атомстройэкспорт" ресейлік компаниясы Өзбекстанда АЭС салу үшін инженерлік жұмыстың екінші кезеңін жүргізіп жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502