Сенбі, 23 Қараша 2024
2773 2 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 13:19

Тихановская: Ереуілдер диктатураны тығырыққа тіреді

Беларусь президентін сайлауда Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская тағы бір үндеу жариялады. Ол кәсіпорын жұмысшыларын ереуілді тоқтатпауға үндеді.

- Ереуілдер диктатураны тығырыққа тіреді. Сол себепті олар сендерді түрлі әдістермен екіге бөлуге әрекеттеніп жатыр. Біз бірге болсақ, жүйе құлайды, — деп мәлімдеді Тихановская.

Беларусь орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Лукашенко жеңіске жетті деп мәлімдеді, бірақ оппозиция мен оның жақтастары ресми мәліметті мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс басталды. Республиканың ондаған мың азаматы Александр Лукашенконың қызметтен кетуін талап етіп, көшеге шықты. Елдегі ондаған ірі кәсіпорын жұмысшылары ереуіл жариялады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406