Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3658 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 09:18

Қазақстан Республикасыны Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 824 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражаты 2008 жылғы 31 желтоқсанға 3 310 783 225 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 3 309 371 524 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 824 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражаты 2008 жылғы 31 желтоқсанға 3 310 783 225 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 3 309 371 524 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  1 718 764 804 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1 700 475 542 мың теңге, оның 717 773 121 мың теңгесі (5 970 629 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) - 16 678 115 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1 611 147 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - (66 237 514) мың теңге.

Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 674 040 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461 430 640 мың теңгенің 461 400 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 99,9 %-ін құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5 094 146 мың теңгенің 3 521 333 мың теңгесі аударылды, бұл 69,1 %-ті құрайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылға арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қазандағы № 682 Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607 500 000 мың теңге аударылды.

Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2008 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс (66 237 514) мың тенгені құрады.

Ұлттық қорды басұаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2008 жылға аудитордық тексеру жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

 

Баптың атауы

2008 жылы

2007 жылы

Активтер

 

 

Ақша және оның баламалары

49 161 183

272 866 927

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

3 258 923 673

2 458 210 937

Туынды қаржы құралдары

4 901 962

948 566

Дебиторлық берешек

1 259 171

2 566 498

Активтердің барлығы

3 314 245 989

2 734 592 928

Міндеттемелер мен таза активтер

 

 

Туынды қаржы құралдары

2 466 448

1 057 676

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

2 408 017

2 647 344

Міндеттемелердің барлығы

4 874 465

3 705 020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

3 309 371 524

2 730 887 908

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377