Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
3314 0 пікір 31 Тамыз, 2020 сағат 09:52

Қырғызстан 1 қыркүйектен бастап өзбекстандықтарға шекарасын ашады

1 қыркүйектен бастап Қырғызстан Өзбекстан азаматтарына еліне кіруге рұқсат береді. Бұған Өзбекстанның COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өлкелердің тізіміне кіргені себеп болды.

Өзбекстан 1 қыркүйектен бастап коронавирус инфекциясының жайылуы бәсеңдеп, эпидемиологиялық жағдайы тұрақталған өлкелердің тізіміне 32-мемлекет болып кіреді.

21 тамызда Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі коронавирустың жайылуы бәсеңдеген және эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғаны байқалған 31 мемлекеттің тізіміне енген.

Олар: Ресей, Грузия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түркіменстан, Белгия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, Біріккен Араб Эмираттары, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт және Жапония.

Қырғызстан 7 тамызда Түркия және Біріккен Араб Эмираттарымен әуе қатынасын қалпына келтірген. Қазір Ресеймен әуе байланысын қалпына келтіру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963