Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2368 0 пікір 17 Желтоқсан, 2011 сағат 17:45

Бас прокуратураның Жаңаөзен оқиғасына байланысты желтоқсанның 17 – сі күнгі мәлімдемесі (видео)

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының «Тәуелсіздік» орталық алаңында бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану, төңкерістер, тонаулар мен жеке және заңды тұлғалардың мүлкін өртеумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

Тәртіпсіздіктер, белгілі болғандай, бұзақы жас тұлғалар тобының, сондай-ақ олардың ықпалына берілген Тәуелсіздік күніне арналған алаңдағы мерекелік шараларды өткізуге белсенді түрде кедергі жасаған жұмыстан босатылған мұнайшылар әрекеттерінен басталған.

2011 жылғы 16 желтоқсанда сағат 11 шамасында бұзақы элементтер арасында көптеген балалар болған қаланың бейбіт тұрғындарының мерекелік шерудің жолын әдепсіз сөздер және қорқытумен ұштастырып кесуге әрекет жасаған.

Осы кезде алаңда басқыншылық күйдегі 800-ге жақын адам болған, ал қоғамдық тәртіп жалпы қарусыз 120 полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етілген. Қару тек олардың командирінде болған.

Мерекелік шараларды қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен алаңның салтанат өтіп жатқан бөлігін қоршау жөніндегі шаралар қолданылған. Бұл ретте бұзақылық топтың тарапынан құқық бұзушылық әрекеттер мен араңдатушылықтың нақты белгілері болғанына қарамастан полициямен қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының «Тәуелсіздік» орталық алаңында бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану, төңкерістер, тонаулар мен жеке және заңды тұлғалардың мүлкін өртеумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

Тәртіпсіздіктер, белгілі болғандай, бұзақы жас тұлғалар тобының, сондай-ақ олардың ықпалына берілген Тәуелсіздік күніне арналған алаңдағы мерекелік шараларды өткізуге белсенді түрде кедергі жасаған жұмыстан босатылған мұнайшылар әрекеттерінен басталған.

2011 жылғы 16 желтоқсанда сағат 11 шамасында бұзақы элементтер арасында көптеген балалар болған қаланың бейбіт тұрғындарының мерекелік шерудің жолын әдепсіз сөздер және қорқытумен ұштастырып кесуге әрекет жасаған.

Осы кезде алаңда басқыншылық күйдегі 800-ге жақын адам болған, ал қоғамдық тәртіп жалпы қарусыз 120 полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етілген. Қару тек олардың командирінде болған.

Мерекелік шараларды қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен алаңның салтанат өтіп жатқан бөлігін қоршау жөніндегі шаралар қолданылған. Бұл ретте бұзақылық топтың тарапынан құқық бұзушылық әрекеттер мен араңдатушылықтың нақты белгілері болғанына қарамастан полициямен қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.

Дегенмен, жағдай бақылауға алынғанымен, 2011 жылғы 16 желтоқсанда шамамен 11 сағат 40 минутта бұзақылардың ішінен біреуі полиция қызметкерлерінің болғанына қарамастан, олардың қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңды талаптарын елемей, қоршаудың жанында мерекелік сияпаттар үшін азық-түлікпен тұрған УАЗ автокөлігін анықталмаған затпен соққан.

Полиция қызметкерінің құқық бұзушының әрекеттерін жолын кесу жөніндегі талаптары жанжал тудырған, осы жағдайды бұзақылар бірден пайдаланған. Олар ереуілшілерді таран ретінде қолданып, полиция қоршауын бұзып өткен.

Қоршауды бұзып, бұзақы тұлғалар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, жаңа жыл шыршасын төңкеріп, мерекеге орай қойылған киіз үйлер мен сахнаны бұзған және полиция автобусын өртеп жіберген. Осылайша туындаған жаппай тәртіпсіздіктер бастаушылармен жалғастырылып, олар бейбіт тұрғындарды ұрып соғуды және алаңның жанында қойылған автокөліктерді қиратуды бастаған.

Нәтижесінде 6 полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алған, олардың бірі - Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Әділов қазіргі кезде комада.

Шабуылға тап болған полиция қызметкерлері осындай жағдайларда да қанды қақтығыстар мен ақталмаған құрбандарды болдырмау үшін қару мен арнайы құралдарды қолданбай, қалалық Ішкі істер басқармасына қарай жылжып, ауаға атумен шектелген.

Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған қақтығыс құқық қорғау органдарымен араңдатылғаны туралы, олармен бұзақыларды тәртіпке мәжбүр ету мақсатында қару, түтіндету құтылары және басқа арнайы құралдар қолданылғандығы туралы, сондай-ақ полицейлік УАЗ көлігі митингке шыққан мұнайшылар тобына әдейі барып соқтығысқаны туралы ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді және анық жалған хабар болып табылады.

12 сағат 35 минутта тәртіпсіздіктер алаңның сыртына көшкен және 500-ге жуық адам «Өзенмұнайгаз» компаниясы ғимаратына шабуыл жасап, оны тонауға ұшыратып, өртеп жіберген.

Дәл осындай әрекеттер «Ару-ана» қонақ үйіне қатысты жасалған. Екі ғимаратта да, содан кейін әкімдік ғимаратында жауыз ниеттілермен сонда орналасқан банкоматтар тоналған.

Бұл ретте бұрыңғы мұнайшылармен қатар, көргендердің хабарлары бойынша, ұшына пышақ орнатылған таяқтармен және жанғыш сұйық қоспасы бар бөтелкелермен қаруланған жастар көбірек белсенділік танытқан.

Бұл алаңға келген жастар қиратуға және тәртіпсіздікке алдын-ала бағытталып келгенін дәлелдейді.

Сол күннің 12 сағат 50 минутында 70-ке жуық тәртіпсіздік қатысушылары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына басып кіріп, ондағы жиhаз бен оргтехниканы қиратуға, сондай-ақ кабинеттерді өртеуге кіріскен.

Дей тұрғанымен, сол уақытқа өздерінің қызметтік бөлмелерінде шабуылға ұшыраған әкімдік жұмысшыларының тағдыры белгісіз болып қала берді, ал ғимараттың өзі өртпен орап алынған.

Осыған байланысты, басып алынған ғимаратта қалып қойған бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында, полицияның жиынтық жасағы құрылып жіберілгенімен, олар бастырмалатқан тас шабуылына ұшырап, тәртіпсіздіктер қатысушыларының тарапынан атыс қарумен қарсы алынған.

Ескерту атыстарына қарамай бұзақылық топ полиция қызметкерлеріне шабуылды жалғастырғанын ескере отырып, басып алынған әкімдік жұмысшылары мен құқық қорғау органдары қызметкерлері түріндегі бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ қаруды бұзақылардың қолына түсуді болдырмау үшін полицейлер табельді қаруды қолдануға мәжбүр болған.

Қаланың медициналық мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен барлығы 86 кісі жеткізілген, оның ішінде 6 полицейліктер.

Қаланың ауруханасына жеткізілген 10 адам қайтыс болды, жан сақтау бөлімінде 4 адам болуда.

Оқиға болған жерді қарау кезінде «Сулпак» сауда үйін тонау және өртеу барысында мерт болған тағы бір адамның мәйіті табылғандығы туралы ақпарат алынды.

Жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалып, жедел-тергеу тобына, бұған дейін айтылғандай, Ішкі істер Министрі Қ. Қасымов басшылық етті.

Қолданылған шараларға қарамастан, жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушылары заңға қарсы әрекеттерін жалғастырған, қалада олармен қирату мен талаушылық басталған.

2011 жылғы 16 желтоқсанда 17 сағат 00 минут шамасында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар «Өзенмұнайгаз» компаниясының директоры К. Ешмановтың үйін, ал 19 сағат 00 минутта «Сулпак» сауда үйін өртеген.

2011 жылғы 16 желтоқсанда 23 сағат 00 минутта қала маңындағы Теңге кенті әкімдігінің ғимаратын өртеп жіберген.

Жалпы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 46 объектілер тоналып, өртелген, оның ішінде:

- 8-і банк объектілері (банкоматтар мен банктер), оның ішінде Халық банкі офисі мен «Альянс банкінің» филиалы;

- 20 дүкен («Сулпак» сауда орталығы мен «Атлант» сауда үйі);

- 2 кафе;

- 1 нотариалдық контора;

- 2 ломбард;

- 2 әкімдік (қала әкімдігі мен Теңге кентінің әкімдігі);

- 1 фотосалон;

- полицияның 2 бекеті;

- «Ару ана» қонақ үйі;

- «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты;

- 3 жекеменшік үй;

- 20-дан астам автокөлік өртелген және зақымдалған;

- сахна, киіз үйлер, музыкалық аппаратура және орталық алаңдағы жаңа жыл шыршасы жойылды.

Тәртіпті қалпына келтіру үшін Жаңаөзен қаласына қарумен және арнайы техникамен жабдықталған Ішкі әскерлер мен полицияның қосымша құрылымдары тартылды. Барлық негізгі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері күшейтілген күзетке алынды.

Талаушылыққа қатысқан тұлғаларды ұстау мақсатында 2011 жылғы 16 желтоқсанның 17 сағат 30 минутынан арнайы құрылымдармен аумақты дәл тазалау бойынша операция басталды.

Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктер мен талаушылыққа 70 қатысушысы ұсталған. Тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушыларының тұлғалары анықталып, оларды ұстау бойынша шаралар қолдануда.

Құқық қорғау органдарымен тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушылары мен ұйымдастырушыларының қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу, анықтау мен жазалау және қалада қоғамдық тәртіпті түгелдей қалпына келтіру жөніндегі барлық қажетті шаралар қолдануда.

Тергеу мүдделеріне зиян келтірмей жариялауға болатын орын алған жағдайдың жаңа мән-жайлары анықталған кезде, олар бірден қоғамға жеткізілетін болады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Жаңаөзен қаласының және оның маңындағы аудандардың тұрғындарын заңдылықты сақтауға және араңдатушылық мақсатта кейбір тұлғалармен таратылатын жалған ақпараттарға берілмеуге шақырады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Жаңаөзендегі жағдай туралы бас прокуратурада көрсетілген бейнетаспа


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475