Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2971 0 пікір 18 Желтоқсан, 2011 сағат 06:30

Шетпе: 12 адам оқтан жараланып, оның біреуі қаза болды

(Астана қаласы, 18 желтоқсан 2011 жыл)

Кеше, 2011 жылдың 17-ші желтоқсанында 13 сағат 24 минутта (жергілікті уақытпен) Манғыстау облысында орналасқан Шетпе темір жол стансасында адамдар тобымен Маңғышлақ-Ақтөбе қатынасындағы №309 жолаушылар пойызының қозғалысы бөгелді.

Пойыз ішінде 300-ден аса жолаушылар болған.

Қозғалысты бөгеген адамдар тобы Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер қатысушыларын қолдауға шақырумен шықты.

Темір жол желілерін бөгеу нәтижесінде көліктің қалыпты жұмысы бұзылды, 7 жолаушылар және 3 жүк тасымалдау пойыздары тоқтатылды.

Прокуратура қызметкерлерімен берілген заңды түсіндіруін елемей, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптарына бағынбай, акцияға қатысушылар пойыздардың қозғалысы үшін темір жол желілерін босатудан бас тартты.

Жергілікті уақытпен сағат 20 шамасында полиция қызметкерлері темір жол желілерін босату және қылмыстық әрекеттердің жолын кесу үшін шаралар қабылдай бастады.

Бұл уақытқа дейін желілерде болған адамдардың көпшілігі өз еркілерімен кентке кетіп, стансаны босатқан.

Алайда 50 шақты бұзақылар полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетіп, жүк тасымалдау пойызының тепловозын өртеп жіберді, вагондарды жанғыш сұйық қоспасы бар бөтелкелермен жаудырды.

Әрі қарай бұзақы адамдар өздерінің қылмыстық әрекеттерін Шетпе кентінің аумағында жалғастырып, жаңа жыл шыршасын өртеп жіберді, дүкендердің көрмелерін, автокөліктердің терезелерін сындырды.

Қылмыскерлердің әрекеттерін тыюға әрекеттенген полиция қызметкерлері жанғыш сұйық қоспасы бар бөтелкелермен жаудырған бұзақылар тарапынан шабуылға ұшырады.

Сондықтан, Ақтау стансасындағы Ішкі істер жол бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Бұзақылардың әрекеттері бейбіт азаматтардың және полиция қызметкерлерінің өздерінің денсаулықтары мен өмірлеріне айқын қауіп төндіргенін ескере отырып, полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды.

Алдын-ала мәліметтер бойынша Маңғыстау аудандық ауруханасына оқ ату жарақаттарымен 12 жәбірленуші түсіп, оның ішінде 1 адам қайтыс болды.

Құқық қорғау органдарымен қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою, заңдылық пен құқтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Баспасөз қызметі

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458